Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 7 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА 7 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Биыл Түлкібас ауданына көктем жылдағыдан қарағанда кеш келді. Дегенмен, табиғаттың жаңаратын шағында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен тал көшеттерін отырғызу және тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүзеге асуда. Соңғы екі апта ішінде аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық елдімекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 7290 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. 215 шақырым аумақ түрлі қоқыстан тазартылып, 35 тоннаға жуық күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарылды. Сонымен қатар, көше бойындағы ағаштарды қырқу, бұтау, электр бағаналарын әрлеу, орындық, қоқыс жәшіктерін сырлау жұмыстары атқарылған.Бұл жайында бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен жиында аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Нұрлыбай баяндады.Сондай-ақ, күн тәртібінде аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысы мен аудан тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Жиынды қорытындыламас бұрын аудан әкімі өткен лездемелік жиындарда облыс және аудан әкімдігі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысына шолу жасап, тапсырмаларды мерзімінен кешіктірмеуді ескертті.«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і Түлкібас аудандық бөлімше басшысының міндетін атқарушы А.Досовқа биылғы халық алдындағы есепте тозығы жеткен электр бағаналары мен желісін ауыстыру бойынша көтерілген мәселелерді шешу мақсатында нақты тапсырмалар беріп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірінші кезекте атқару қажетігін атап өтті.Құрылыс бөлімінің басшысы Т.Тұрсұнқұлұлына аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарының сапалы болуын қатаң қадағалауда ұстап, жалпы халықтық санақ басталғанша бітпей қалған елді мекендердегі үйлерге «QR-код» тақтайшасын орнату мәселесін тездетуді тапсырды.Ауыл әкімдеріне және тиісті бөлім басшысына күре жолдардың бойындағы ағаштарды реттеп, түбін әктеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарға аудан аумағындағы облыстық мекемелерді де жұмылдыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдарымен бірігіп тұрғындарды ортақ үйіміздің тазалығына жұмылдыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.