Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАҺАР БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: ШАҺАР БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова санитарлық талаптарды сақтай отырып, қала және ауылдық округтердегі зиялы қауым өкілдерімен және еңбек ардагерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты тоғыз жолдың торабы атанған киелі мекен Арыс қаласының тыныс-тіршілігімен танысып, аға буын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беру болатын.Қала басшысы Г.Құрманбекова: «қазақта «Үй алдында төбе болса ерттеулі тұрған атпен тең, ауылында қартың болса жазулы тұрған хатпен тең» деген қанатты сөз бар. Сіздермен ақылдасып, кеңесе отырып Арыс өңірін облысымыздың алдыңғы қатарлы қалаларының қатарына шығару үшін, елді ынтымаққа шақырып, бірлесе жұмыс жасауымыз қажет» деп атап өтті. Ардагер, ұстаз, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің алқа мүшесі Қ.Балқыбеков: «Ардагерлердің тыныс-тіршілігіне тоқталып, қала әкіміне қариялар бас қосып, өскелең ұрпаққа өнеге беретін Орталық ашу қажеттігі туралы» ұсыныс енгізді. Гүлжан Мамытқызы ұсынысты назарға алып, қолдау білдірді.Шара барысында жиынға келген еңбек ардагерлері, Арыс қаласын дамыту үшін, экономикалық, ауылшаруашылығы, коммуналдық салаларға қатысты ұсыныстар-пікірлерін білдіріп, қала әкімі Гүлжан Мамытқызына алдағы атқарар жұмыстарына сәттіліктер тіледі.Қала басшысы алдағы уақытта ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен тығыз байланыста болып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.