Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында көкпардан өткен облыс чемпионатында оза шауып, қанжығаларына бас жүлдені «байлап» келген жігіттерді бүгін аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков қабылдап, құттықтады:

 Көкпар — ер азаматқа тән мінез, білек күші сынға түсетін ұлттық дода.  Міне, осындай мықтылардың тартысында жүзден жүйрік шығып, чемпион атануларыңызбен Ордабасылықтардың атынан шын жүректен құттықтаймын! Сонымен қатар, ауданымыздың 5 көкпаршысы Республикалық құрамаға енгені де біз үшін зор мақтаныш екенін атап өткім келеді, — дей келе,  аудан басшысы ұлттық спортты дамытуға аудан тарапынан жан-жақты қолдау берілетініне тоқталды.

Ат спорт түрлерінен Ордабасы аудандық федерациясының президенті, аудандық мәслихаттың депутаты Нұртас Ахметов, жаттықтырушы Бәйдібек Омаров сөз алып,  көкпаршылардың Ордабасы ауданының абыройын бұдан кейін де асқақтата беретінін айтты. Сондай-ақ, аудан басшысына ізгі ниеті мен тілектестігі үшін  алғыстарын жеткізді.