Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ШТАБ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ШТАБ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекені Жамбыл мектебінде және Түркістан қаласында Департаменттер үйінде орналасқан Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабтары 2 тәуліктен аса күндіз түні тұрақты жұмысын жасауда.
Штабтың құрамында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысы әкім апаратының, ҚР Қорғаныс министрлігінің, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, Түркістан облысының денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылық, мемлекеттік сәулет-қала құрылыс, білім, ішкі саясат басқармаларының, Кәсіпкерлік палатасы, «Қазақтелеком», Полиция департаментінің, «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ-ның өкілдері қызмет атқаруда.
Жедел штабына «қауырт желі» арқылы еліміздің барлық өңірлерден, алыс және жақын шет елдерден эвакуациялық пункттер, Арыс қаласындағы жағдай туралы, балаларын, туыстарын іздеу туралы, көрсетілетін көмек туралы көптеген қоңыраулар келіп түсуде.
Штаб өкілдерімен барлық қоңырауларға нақты және тиянақты жауаптар беріліп, қауырт желі арқылы көмек көрсету туралы хабарламалар бойынша көмек дер кезінде көрсетілуде. Сондай-ақ, жедел штабта эвакуацияланған адамдардың тізімі жасақталуда.
Жедел штабта тәулік бойы жұмыс жасайтын 16 «қауырт желісі» ұйымдастырылған. «Қауырт желі» нөмерлері: 8/725-33/58-302, 8/725-33-71-313, 8/725-33-71-212, 8/725-33-71-366, 8/725-33-71-082, 8/725-33-71-654, 8/725-33-70-004, 8/725-33-70-003, 8/725-33-71-107, 8/725-33-71-499, 8/725-33-71-777, 8/725-33-71-101, 8/725-33-71-114, 8/725-33-70-001, 8/725-33-70-002, 8/725-33-71-762.