Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазығұрт аудандық кітапханалар жүйесіне қарасты Жаңабазар ауылдық кітапханасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу мақсаты: ауылдың зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық іс-қимыл тәсілдері туралы білімді насихаттау, адамның қоғаммен үйлесімі саналы, парасатты, мәдениетті түрде қалыптастыру. Орталықтың ашылуына Жаңабазар ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Тасай Аманбай және Жаңабазар ауыл округінің жетекші маманы Аршабаев Ермахан, Жаңабазар ауыл округінің бас маман заңгері Болғанов Баймырза, «Елшібек батыр» мектебінің психологы Телесбаева Ақмарал, тәлімгері Тулепбергенова Фарида, Мәдениет үйінің директоры Тұяқбаев Бейсебай, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Битанова Жазира, кітапханашы Тұяқбаева Салиха қатысты. Іс-шара барысында ұрпақтың болашағы, тәрбие жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар заңгер маман Б.Болганов сыбайластыққа жемқорлыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыруға, Отанға деген сүйіспеншілікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Алдағы уақытта «Адалдық алаңы» жобасы аясында қатысушы мүшелермен іс-шаралар өткізу жоспарланды.