Бүгінгі күнге
Төлеби ауданына 703 арыстық азамматтар келіп жайғасқан. Ленгір қаласына 40,
Зертас ауылдық округіне 25, Кемеқалған ауылдық округіне 191, Қаратөбе ауылдық
округіне 4, Тасарық ауылдық округіне 17, Киелітас ауылдық округіне 8, Аққұм
ауылдық округіне 42, Көксәйек ауылдық округіне 152, Қасқасу ауылдық округіне
43, Алатау ауылдық округіне 39, Бірінші Мамыр ауылдық округіне 121, Жоғарғы
Ақсу ауылдық округіне 21 келген арыстықтардың
барлығы туған-туыстарының үйіне орналастырылды. Оларға аудан әкімдігі, аудандық
мәслихат, төлебилік тұрғындар тарапынан ыстық тамақ, киім-кешек, күнделікті
тұтынуға қажетті заттар берілуде. Науқастанғандарға аудандық аурухананың
дәрігерлерімен медициналық көмек үздіксіз көрсетілуде. Солардың бірі Көксәйек
ауылдық округі Қазақстан елді мекеніндегі туысының үйіне келіп жайғасқан
Сайранбаев Бауыржан:
«Сол күні 3 баламды бірдей сүндетке отырғызған
болатынмын. Жарылыс басталан
соң, отбасымды алып осы Төлеби еліне келдім. Бүгін бір балам ауырып қалды.
Ауылдың әкімі келіп жағдайымызбен танысып жатқан кезде баламның жағдайын
айттым. Әкім мезетте жедел жәрдем шақырды. Балама медициналық көмек көрсетілді.
Қазір ұлымның жағдайы жақсы. Төлеби жұртшылығына мың алғыс. Аудан басшысынан бастап,
қарапайым халқына дейін барынша көмектесуде»-деп өз рахметін білдірді.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты, аудандық
мәслихатының депутаттары жарылыстан зардап шеккендер мен көшірілген тұрғындарға
барынша көмек көрсетіп жатыр. Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығында
уақытша құрылған «Арысқа көмек» орталығы, Төлеби жастар ресурсттық орталығында
құрылған жастар штабы және «Арыстағы ағайын бауырларға көмек» ұранымен Төлеби
халқы арыстықтарға аянбай көмек көрсетуде.