Домой Әлеумет РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында жалғасты.

Ең алдымен “Конгресс Холл” көпфункционалды кешенінде ақсақалдармен, қоғамдық пікір көшбасшылары және жастармен кездескен штаб мүшелері рухани астана Түркістанның дамуы жолындағы бастамалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды түсіндірді.

«Нағыз еңбек адамдары Түркістанда тұрады» деген Ерлан Жақанұлы алдағы уақытта өнімді жұмыс атқаратын заманауи еңбек нарығы құрылатынын, бұл халықты барынша жұмыспен қамтуға, әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықты азайтуға және өңірлердің мейлінше бірдей дамуына мүмкіндік беретінін айтты.

“ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН” қағидаты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізілетіндігін жеткізді. Құқық қорғау салаларындағы реформалар шынайы үстемдікті қамтамасыз етіп, барлық азаматтың құқығы сақталуына кепілдік беретіндігіне тоқталды. Басқосуға модераторлық жасаған облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысын атап өтті.

Кездесуде штаб мүшелері Дархан Мыңбай, Елнұр Бейсенбаев, Бақытжан Базарбек сайлауалды бағдарламаға сай жүзеге асатын жұмыстардың барысын түсіндірді. Жиынға қатысушылар тарапынан да ұсыныс — пікірлер айтылды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі ой түйіндерді тарқатып жеткізді.

Ал, олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Саяси сахнада Қасым-Жомарт Тоқаевқа тең келер үміткер жоқ деген ойын жеткізді.

Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтың блогерлердің жұмысын заңдастыру туралы пікіріне көпшілік қол соғып, қолдау көрсетті.

Әнші Ибрагим Ескендір бірлік берекелі істерге бастайтындығын айтып, көпшілікті жарқын болашақ жолында бірігуге шақырды. Сондай-ақ, «Біз біргеміз» әнін орындап, кездесуге қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

Мұнан соң, штаб төрағасы Ерлан Қошанов бастаған сенімді өкілдер өңір тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламадағы басымдықтарды түсіндірді.