Домой Әлеумет ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОКРУГТЕРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОКРУГТЕРДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Мақтаарал ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудандағы жалпы орта білім беру мекемелері мен арнаулы орта оқу орындарында бекітілген кестеге сәйкес қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесулер өтуде. Кезекті басқосу Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Үкібаев» атындағы және «N36» жалпы орта мектептерде болып өтті. Жиын барысында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің негізгі бағыт-бағдары мен мақсатын, жұмыс жүргізу тәртібі мен аясын түсіндірген орталық қызметкерлері жастармен жұмыс істеуге қашанда дайын екендіктерін айтады.Қоғамға пайдалы жаңашыл бастамаларды көтеріп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет пен әдебиет салаларында тың идеялары бар кез-келген жастың ұсынысының ескерусіз қалмайтынын жеткізген мамандар бүгінгі қоғамда жиі көрініс тауып жатқан жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтар, аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу, ерте жүктілік пен маскүнемдік, нашақорлық сынды адами қасиетке жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауларына ықпал ету, себеп-салдарын анықтау, сақтандыру жолдарын кеңінен сөз етті. Түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Айта кетейік, аталмыш жиынға мектептердің 9-10-11 сынып оқушылары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары қатысты.