Домой Әлеумет ОБЛЫСТАҒЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРҒА ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОБЛЫСТАҒЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРҒА ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай облыстық Полиция департаментінің ұжымымен кездесті.

Жиынға облыстық Полиция департаментінің жеке құрам мүшелері, сондай-ақ қалалық/аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Мақсатты кездесудің негізгі мақсаты — тәртіп сақшылары арасында адалдық пен ар тазалығы, туралық пен парасаттылық қағидаларын кеңірек насихаттау арқылы халықпен сындарлы сұхбат құру.

Алқалы жиын барысында сөз алған Мирас Қарғабай құқық қорғау орган қызметкерлерінің мемлекет алдындағы айрықша жауапкершілігін алға тартып, бүгінгі күні заңды күшіне енген ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді баяндады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

Шара соңында Полиция департаменті басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жеке құрам арасында ағарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыратынын жеткізді.