Домой Әлеумет «АРМЫСЫҢ, АМАНБЫСЫҢ, АРДАГЕРІМ!»

«АРМЫСЫҢ, АМАНБЫСЫҢ, АРДАГЕРІМ!»

Наурыздың шапағатымен келіп жеткен жоралғы күндердің алғашқысы – Көрісу күніне орай,Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің батагөй ақсақалдары ардақталды.Аудан әкімі Ұ.Сәдібековтың бастамасымен Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, бастау алған «Ауыл – ел тірегі» онкүндігінің бұл да бір игі жобасы еді.Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Қарасу ауылдық округі әкім аппаратының ұйытқы болуымен бүгін еңбек ардагерлері мен алтын құрсақты батыр аналардың шаңырағына барып, Көрісу күні мерекесімен құттықтаудың сәті түсті.Ауыл тұрғындарының құрметіне ие болған батагөй қария – Мият Маликовтің үйінен басталған амал-үрдіс ақын-жазушы, еңбек ардагері – Өмірзақ Мұсабековтің, Сайрам ауданының экономикалық және мәдени дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан Ибрагим Хуккиевтің, қолөнер шебері атанған Забира Серікбаева, Жұмагүл Оралбаева секілді ардақты аналарымыздың шаңырағында жалғасын тапты.Ардагерлер өз үйінің бір бөлмесінен тарихи мұражайға айналдырыпты. Түрлі деректер мен экспонаттарға толы тарихи бұрышты көрген көз тойып, көңіл толады. Қазынлы қариялар үйіне келген топты құшақ жайып қарсы алып, ақ тілегі мен ақ батаға байытып, шығарып салды. Жалпы, қамтылған 10 отбасының ішінде ақ жаулықты апаларының ізін басып келе жатқан Марғуба Сатимова, Алтын алқа иесі, жас ана – Жазира Дауталиева сияқты аналар да бар.