Домой Әлеумет АРДАГЕРЛЕРІМІЗДІ АРДАҚТАЙЫҚ

АРДАГЕРЛЕРІМІЗДІ АРДАҚТАЙЫҚ

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімі, «Мейірім» еріктілер тобының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырақтарында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында: Аскаров Абдыгапбар, Конысбеков Тюлебай, Шадрин Фома Диевич, Мащенко Александра Владимировна, Ибрагимов Абдимомын, Кошкинов Айткул ата – әжелеріміздің үйінде гүлдер отырғызылып, талдар әктеліп, аулалары тазартылып бүгінгі күні оқ пен оттың ортасында өмір мен ажал арпалысқан соғыстан елге Ұлы Жеңіспен оралған майдангерлермен жас буын өкілдерімен жастық шағындағы оқиғаларымен соғыс уақытындағы оқиғалармен бөлісті.

Қарияны құрметтеу, үлкенді сыйлау қазақ халқында бұрыннан бар дәстүр. Өмірінің жастық шақтарын еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – жастардың ең негізгі парызы мен міндеті деп білеміз.