Домой Басты жаңалықтар ҚАЙЫРШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

ҚАЙЫРШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық ішкі істер бөлімі инспекторларының біргелікте ұйымдастыруымен аудандағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ қаңғыбас тұлғаларға қатысты рейдтік шаралары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқызбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабындағы «Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру – жеке тұлғаларға ескерту жасауға не бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген талаптардың сақталуы мен орындалуын қадағалау мақсатындағы шара Мырзакент және Атакент кенттеріндегі базарлар маңында, адамдар көп шоғырланатын орындарда жүргізілді. Онда полиция инспекторлары мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қайыршы азаматтардың құжаттарын тексеріп, полиция бөліміне жеткізді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақыттарда да тұрақты түрде жалғасын табатын мұндай рейдтік тексерістер шет елдерден заңсыз шекара асқан келімсектер мен көше кезген қайыршылар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға оң септігін тигізері даусыз.