Домой Мәдениет БАБАМЫЗДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ӘУЕНІ

БАБАМЫЗДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ӘУЕНІ

Ғұлама ғалым, ұлы ойшыл, түркі әлемінің дара перзенті Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың киелі Отырар ауданына қарасты «Оқсыз» деген жерде дү­­ниеге келгені тарихтан белгілі. Астрономия, ма­­тематика, физика секілді бірнеше ғылымды терең меңгеріп, аты әлемге мәшһүр болған даңқты жерлесіміздің еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік салаларының бірі-музыка саласы. Негізінен алғанда Фарабидің өзі асқан орындаушы ғана емес бірнеше музыкалық аспапта шебер ойнайтын музыкант болған. Ол музыканы зерттеу саласында әр алуан шығармалармен қатар «Музыка туралы үлкен кітап» атты көлемді еңбек қалдырды. Ғалымдардың пайымдауынша Фараби бабамыздың біз біле бермейтін екі жүзге жуық музыкалық әуендері болған. Алайда бұл әуендердің ноталары біздің қолымызда жоқ. Жуырда ғана Мысыр еліндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифтің ұсынысымен, жерле­­сі­міз, меценат Серікжан Сейітжан­­ұлының де­­меу­­­­ші­­лі­­­­гі­­­­­­мен Мысыр еліне ба­рып «әл-Фараби ізімен» ат­­ты сурет көр­­месіне қатысқан Әділхан Мәлік жерлесіміздің әл-Канун және Ребаб музылкалық ас­­паптарын ғалымның туған же­ріне алып келді. Суретші музы­­калық аспаптармен бірге ұлы бабамыздың 40-қа жуық қағазға түс­кен әуендерінің ноталарын да ала келіпті. Жуырда осынау құнды мұра­ла­­рымыздың Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне та­быстауға арналған «әл-Фа­рабидің текті музыкалық әуені» атты іс-шарасы өтті. Ғалымның шығармашы­­лығы­­на арналған композициялық қойы­­­лым­мен басталған жиын­­ның ашылу салатанатында бел­­гілі су­ретші Әділхан Та­­был­­ханұлы әл Фарабидің 40-қа жуық әуенінің ноталары мен жоғарыда аталған қос музы­калық аспаптарды қо­рық-му­зей басшылығына арнайы та­быстады. Сөз барысында су­ретші мысырлықтардың киелі Отырардың тарихына деген ыс­тық ықыласын әңгімеледі. Осы музыкалық ас­паптарды меңгеруге арналған арнайы үйірме саныбын мәдениет сарайынан ашып беру туралы ұсынысын да жеткізді.Мұнан соң Түркістан облыстық мәдениет басмасы басшысының орын­­басары Асылхан Темірхан, аудан әкімінің орынбасары Пер­­дехан Жаппарқұлов, әл-Фараби атын­дағы қазақ мемлекеттік уни­верситетінің түлегі, филиолог Ұл­жалғас Бопиевалар сөз алып, мұндай жаңалықты қайта­­лан­­бай­­тын тарихи сәтке балай­­тынын атап өтті. Сондай-ақ музей-қорығы ди­­рек­­торының ғылыми кеңесшісі Нұртаза Алдабергенов, Фараби зерттеушісі Бекжан Бейсенбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев­­тар да аталған Мысыр сапарына демеушілік жасаған ел жанашыры Серікжан Сейітжановқа және осы жұмыстарға атсалысқан барлық ел азаматарына шынайы алғыстарын айтса, халық ақыны Әселхан Қалыбекова жү­рекжарды лебізін өлеңмен жеткізді. Жиын барысында ау­­дан­­дық мәдениет сарайның көркем­­өнер­­паздары ғұлама ғалымның музы­калық әуендерін орындап, көп­­шілікті өнерлерімен тәнті етті.