Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар.
Жас ұрпақтың мінсіз таза айнасы ол,
Ақ ниетті, батагөй қариялар!
Халық қаһарманы, батыр Бауыржан Момышұлы жасы үлкен
қарттарды: шал, қария, ақсақал және абыз деп төртке бөлген. Отбасы, ошақ
қасынан ұзап шыға алмай, түтін аңдып, үй аралап, саяси өсек айтатын қартты –
шал, өз әулетін шашау шығармай уысында ұстап, билік жүргізген қартты — қария
деп, тұтас бір ауылдың жыртығын бүтіндеп, айдынын асырып отырған қартты —
ақсақал деп, елдің дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла
бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген қартты — абыз деп атаған.
Қазіргі заманғы қариялардың ел арасындағы өзіндік
орынын кейінгі буын жастарға көрсеті және паш ету негізінде, 3-ШІЛДЕ Төлеби
аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
мақаласы аясында елдігіміздің көкжиегін кеңейтер, ел бірлігі мен халықтар
достығын нығайтып, жас ұрпақтың туған топырағына деген сүйіспеншілігін
арттыратын және ата-бабаларымыздан мирас болып қалған асыл мұраларымызды:
тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, мақал мәтелдеріміз бен шешендік
сөздерімізді, ырым-тыйымдарымызды кеңінен насихаттап, жастарымызды адамгершілік
пен имандылыққа тәрбиелейтін рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында
ұйымдастырылып отырған «Батаменен ел көгерер!» атты аудандақ ақсақалдар байқауы
өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 7
ақсақал ақтық сында өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен төмендегідей
нәтиже шығарылды:
І –ОРЫН – Манапов Тұрғынбек (Кемеқалған ауылдық
клубы)
ІІ –ОРЫН – Омарханов Сатыбалды (Зертас ауылдық
мәдениет үйі)
ІІІ –ОРЫН – Мырзалиев Төленді (Қостөбе ауылдық
клубы)
ІІІ –ОРЫН – Сұлтанбеков Омархан (Диханкөл ауылдық
клубы)
«Ақылды қария, ағынды дария» номинациясы – Бектуров
Қыстаубай (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі)
«Өнегелі қария» номинациясы – Қалиев Жұмабек
(Жамбыл ауылдық клубы)
«Қазыналы қария» номинациясы – Асанов Есімхан
(Жоғарғы Ақсу ауылдық округі)