Домой Uncategorized «ӘКЕЛЕР МЕKТЕБІНІҢ» КЕҢЕСІ ӨТТІ

«ӘКЕЛЕР МЕKТЕБІНІҢ» КЕҢЕСІ ӨТТІ

Арыс қаласындағы Ардагерлер орталығында ұйым жанындағы «Әкелер мектебі» кеңесінің кезекті жиыны өтті. Оған қала әкімдігі мен білім бөлімінің, қалалық құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ата-аналар қауымы қатысты.Жиын аясында отбасылық құндылықтардың сақталуы мен әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы да айтылды. Атап айтқанда, осы тақырыпта негізгі баяндама жасаған «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Иманқұл Ноғайбайұлы тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқаруда мектепке көмек көрсету, әкенің отбасындағы рөлін тереңдету, ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жөнінде ой өрбітті.Сонымен қатар, ашық пікір алмасу барысында отырысқа қатысқан ата-аналар мен әжелер, ұстаздар қауымы да отбасындағы тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау керектігін ескертті. Оған қоса, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарды дәріптеп, рухани құндылықтарды балалар бойына сіңіру жайлы түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.