Домой Uncategorized Әлеуметтік педагогтармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері

Әлеуметтік педагогтармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26 қаңтар күні әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Әлеуметтік педагогтармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында шығармашылық бірлестігінің отырысы болып өтті.

Отырысқа бөлімге қарасты мекемелердің әлеуметтік педагогтері қатысты. Іс-шараны ұйымдастырып жүргізген қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Г.Байдюсенова.Іс-шарада әдіскер Г.Байдюсенова 2021-2022 оқу жылында атқарылатын жылдық жоспарымен, «Ел ертеңі – жасұрпақ» пилоттық жобасымен таныстырып, тиісті тапсырмаларын берді. Шығармашылық топ жетекшісі Б.Момышұлы атындағы №12 мектептің әлеуметтік педагогы Сырымбет Гүлнұр «Әлеуметтік педагог қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар» тізбесін жас мамандарға таныстыра отырып, әлеуметтік-педагог өз жұмысында қандай заңдар мен ережелерді, нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс екені туралы, лаузымдық міндеттеріне жататыны, әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттарын, қолайсыз отбасымен қалай жұмыс жүргізу туралы мағлұмат берді.Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп –лицейінің әлеуметтік педагогы, шығармашылық топтың мүшесі Жадыра Сапарбаева «Әлеуметтік педагогтың жұмысының әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасап, педагогтардың қойған сұрағына жауап беріп, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру жұмысына тоқталып өтті.

Облыстық «Әлеуметтік идея» байқауына қатысқан №15 Төрткүл-төбе мектебінің әлеуметтік педагогы Гүлнұр Тасенова байқау барысында алған тәжірибелерімен ой бөлісіп, келесі кәсіби байқауға қатысатын педагогтарға сәттілік тілеп, жаңа бір идеяны ойластырып, жаңартылған бағдарлама бойынша озық іс-тәжірибесін көрсетуге ұсыныс айтты.