“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен ерікті жастар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ортағасырлық Күлтөбе қалашығы және Үкаша ата, Жүсіп ата кесенелерінің айналасына сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Тазалық шаралары барысында Үкаша ата мен Жүсіп ата кесенелерінің маңайына 100-ден аса жеміс және саялы ағаштар егілді.