Home Мәдениет ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНАҚАТЫСУШЫ ДЕЛЕГАТТАР ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛДІ

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНАҚАТЫСУШЫ ДЕЛЕГАТТАР ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛДІ

Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының X пленарлық отырысына қатысушы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, Өзбекстан және Мажарстанның парламенттік делегациялары, Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының, бақылаушы ұйымдардың басшылары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келді.

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан жерінде тамыры тарих боп таралған тұлғалар рухына құран бағыштаған делегаттар “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.