Home Мәдениет ТҮРКІСТАН: АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫННАН АМАНДЫҚ СҰРАСЫП, ІРГЕДЕГІ АУЫЛДАРМЕН КӨРІСТІ

ТҮРКІСТАН: АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫННАН АМАНДЫҚ СҰРАСЫП, ІРГЕДЕГІ АУЫЛДАРМЕН КӨРІСТІ

Бүгін Сайрам ауданында 14 наурыздан бастау алатын – «Көрісу» күні жағдайдың тұрақтылығына байланысты шағын көлемде аталып өтті.Іргелес жатқан Түлкібас ауданының Мыңбай, Еңбекші, Төлеби ауданының Сарқырама, Мадани ауылдарының тұрғындарының қатысумен Қарабұлақ, Қарамұрт ауылдарында татулық пен ынтымаққа үндейтін жылы жүздесу өтті.Көршілес ауылдар достық дастарханынан дәм татып, бір нанды бөлісіп жеп, ауданаралық қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, ынтымақтастықты алдағы уақытта да нығайта түсуге уағдаласты.Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатындағы кездесу сайрамдықтардың ауданға келген қонақтарға шапан жауып, қошемет көрсетуімен қорытындыланды.Тараптар алдағы уақытта да игі іс-шараларды жиі ұйымдастырып, бірге атап өтуге келісті.Мұндай басқосуды Арыс Ауылдық Округімен көрші орналасқан Бәйдібек Ауданының ауылдарымен де өткізу ұйымдастырылған-ды. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты аталған аумақта жол жабылды.Айта кетейік, биыл елімізде Мемлекет басшысының тұжырымдамасына сәйкес, «Наурыз» мерекесі 14-23 аралығында, яғни 10 күн тойланады.