Home Мәдениет ТҮРІК АЗАМАТШАСЫ ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛІН БІЛДІРДІ

ТҮРІК АЗАМАТШАСЫ ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛІН БІЛДІРДІ

Түрік азаматшасы Кырыккаледегі үйіне Қазақстан туып іліп, Жамбылдағы жағдайға байланысты көңілін білдірді.

29 тамыз Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны белгілі. Осы күнге орай Кырыккаледе тұрғыны Қазақстан туын үйінің балконына іліп қойған. Фатма Сөнмез өз сезімімен былай бөлісті:
«Қазақстанда болған жарылыс салдарынан шейіт болған жауынгерлер мен қазақ бауырларымыздың қазасына қатты қайғырдым. Алла Тағала олардың отбасыларына сабыр бергей. Қазақстан – менің ата жұртым, Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы, баршамыздың қара шаңырағымыз. Егер ата жұртымда менің бір бауырымның қолына тікен батса, мен оның ауыртпалығын сезінемін. Жаралылар тез сауығып кетсін, Алла ата жұртымызды қорғасын. Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына және барлық қазақ бауырларыма сәлемімді жолдаймын. Олардың ауыртпалығын жүрегіммен бөлісемін. Мен ол жерге барып, оларға қолдау көрсете алмайтындықтан, өз үйімнің балконына ата жұртымның көк туы мен өз елімнің ай мен жұлдызды туын іліп, олармен бірге екенімді білдіргім келді», -деді.

Фатма Сөнмез денсаулық сақтау саласының қызметкері болып табылады. Ол 27 жыл бойы Қазақстан -Түркия қарым-қатынасының дамуына өзінің жеке жобаларымен ерікті түрде үлес қосып келеді. Ол Түркістан қаласындағы денсаулық сақтау саласында да өз еңбегін сіңірген және тарихи-мәдени орындарды түрік тілінде насихаттауға да белсене үлес қосып жүрген бірден-бір жанашыр жандардың бірі.

Фатма Сөнмез Түркістан қаласының Құрметті азаматы атанып, Қазақстан тарапынан бірнеше медаль және сыйлықтармен марапатталған.