Home Мәдениет “Самұрық-Қазына” АҚ Түркістан қаласын түлетуге ерекше үлес қосуда

“Самұрық-Қазына” АҚ Түркістан қаласын түлетуге ерекше үлес қосуда

Түркістан облысының әкімі мен “Самұрық-Қазына” АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

Қазіргі уақытта “Самұрық-Қазына” тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласында бірқатар жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, “Түркістан-Шымкент-Ташкент” жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.

Өңір басшысының айтуынша, “Самұрық-Қазына” қоры Түркістандағы бірнеше маңызды әлеуметтік-маңызды нысандардың құрылысын қамтамасыз етті. “Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында қор еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты”, – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы “Самұрық-Қазына” қоры бес әлеуметтік маңызды нысанды облыс әкімдігіне тегін берген болатын: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, Конгресс-холл және “Қазпошта”АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.