Home Мәдениет МЕКТЕП – КЕМЕ, БІЛІМ – ТЕҢІЗ

МЕКТЕП – КЕМЕ, БІЛІМ – ТЕҢІЗ

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға деп білеміз. Ендеше, газетіміздің тұрақты шығып жүрген «Алтын ұя» айдарына Ескі Иқан ауылдық округіндегі Иқан жалпы орта мектебін бермекпіз.

Сонымен Сауран адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Иқан жалпы орта мектебі 1968  жылы 640  оқушыға арнап  салынған. Мектеп тарихына тоқталып өтсек, 1918-1962 жылдары «Ескі Иқан білім орталығы»,  1962-1964 жылдары  «Жданов», 1964-1968  жылдары  «Ю.А.Гагарин», 1968 жылы мектептің атауы Түркістан райполкомының №269  бұйрығымен «БЛКЖО-ның 50 жылдығы»,  1994 жылы 23 наурызда Түркістан  ауданы  әкімінің  №69 қаулысы негізінде «Иқан» жалпы орта мектебі болып өзгертілген екен.

Мектеп директоры Махсуда Мамадалиеваның айтуынша мектеп  2013  жылы толық күрделі жөндеуден өткізілген. 2021-2022 оқу жылында 1632 оқушы, 119 ұстазбен бірлесе жұмыс атқарып келеді. Мектеп директоры  Махсуда Бабажанқызы 2018  жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымы бойынша «Педагог-шебер» біліктілік санатын, 2021  жылы  ІІІ  санатты  мектеп  басшысы  біліктілік  санатын  алған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Иқан» жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 2002-2005 жылдарда педагог-психолог, 2005 жылдан 2020 жылға дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2020 жылдың ақпан айынан бастап  мектеп директоры болды. Махсуда Бабажанқызының басшылығында жалпы, пәндер бойынша өткізілген республикалық пән олимпиадасының күміс медаль жүлдегерлерін дайындап, Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталарымен марапатталған. «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының алтын, күміс медаль жүлдегерлерін дайындап, оларға танымал ЖОО-лардың білім гранттары берілген. Қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін Елбасының алғыс хатымен марапатталыпты.

2019 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі, жұмыстағы жетістіктері және жоғары кәсібилігі үшін» ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, 2020 жылы «Үлес» қайырымдылық қорының «Өнегелі азамат» төсбелгісімен, 2021 жылы  ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, егемен еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін Сауран ауданы  әкімінің  алғыс хатымен марапатталған.

Мектеп ұстаздары туралы айтатын болса, жалпы  педагогтар саны – 203. Олардың  3 педагог-шебер,  22 педагог-зерттеуші, 45 педагог-сарапшы, 61 педагог-модератор, 4 мұғалім бірінші санатты, 16 мұғалім екінші санатты, 6 мұғалім магистратураны тәмамдаған. 2021 жылғы бастауыш сынып мұғалімдері  арасында  өткізілген  облыстық олимпиадаға мектептің бастауыш сынып мұғалімі Н.Балтаева қатысып, бас жүлдеге ие болып, облыстық  адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының дипломымен  марапатталған.

Сонымен қатар, «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбы аясында өткізілген тамыз педагогикалық оқуларында өзінің кәсіби шығармашылық қабілетімен дараланып, өзін-өзі тану пәнінен Шахрибану Разикова, тарих пәнінен Райхан Балтабаевалар І орын, география пәнінен Қуваниш Нишанбаев, химия пәнінен Нигора Султанова, биология пәнінен Абдулла Юнусов, көркем еңбек пәнінен Азиза Мисирова, бастауыш сынып бойынша Назима Гайратовалар ІІ орынға ие болып,  Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің мақтау қағазымен  марапатталған.

Педагогикалық шеберлікті арттыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату мақсатында мектептің жылдық жоспарына сәйкес,  2021 жылғы 5 қарашадағы II  педагогикалық кеңестің шешімі негізінде қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пән  мұғалімі  Махсуда  Мамадалиеваның «Абай   жолы   романының қысқаша мазмұны» тақырыбындағы озық іс-тәжірибесі көмекші құрал ретінде облыста таратуға ұсынылды. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар Наргиза Халметованың «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын интербелсенді әдіспен оқытуда ұлттық ойындарды пайдаланудың әдіс-тәсілдері», бастауыш сынып мұғалімі Мехринисо Ахмедованың «Оқу барысында   интербелсенді   әдістерден   пайдалану»   тақырыбындағы    озық іс-тәжірибелері де облыс көлемінде таратуға ұсынылған.

Бұдан бөлек, жас мамандар арасында «Педагогикалық дебют» тақырыбында өткізілген байқаудың облыстық кезеңіне география пәні мұғалімі  Гулзира Зайнабитдинова қатысып, жүлделі  ІІІ  орынға  ие болса, қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің мұғалімі Озода Маннопова жас мамандар арасында өткізілген қалалық пән олимпиадасында бас жүлдеге қол жеткізіпті. Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бабамурад Анарбаев республикалық «Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» Блиц-турнирінің І орын жеңімпазы, мұғалімдер арасында өткізілген қалалық пән олимпиадасына қатысып, «Шығармашыл ұстаз» номинациясының иегері, «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» тақырыбындағы жас мамандар арасында байқауында «Зерделі ұстаз» номинациясымен марапатталған. «Жаңару – заман талабы» тақырыбындағы материалы облыстық Оңтүстік  Қазақстан газетінде жарияланыпты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назима Мамадьярова  «Қазақстан-этносаралық келісім мен тұрақтылық мекені» фестивалінде ІІ орын  иегері  атанса, ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі  Мухлиса Авазова «Пән олимпиадасының үздік педагогы – 2020» байқауында  алғыс хатпен  марапатталған. Орыс  тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Рамида Дарханова    республикалық қашықтық олимпиадасының  ІІІ дәрежелі  диплом  иегері, «Ең білімді педагог – 2020» IV республикалық  пән олимпиадасында ІІ орын иегері атанған.

Ағылшын  тілі  пәні  мұғалімі  Адаханова Мафтуна Түркістан облысы бойынша ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы,  І дәрежелі диплом иегері атанды. Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дилхумор Зиявиддинова «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» тақырыбында жас мамандар арасындағы қалалық  байқаудың ІІ дәрежелі диплом иегері болса, тарих пәнінің мұғалімі Рахматжон Разиков мұғалімдер арасында өткізілген қалалық пән олимпиадасында ІІ орын иемденсе, қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулчехра Камалова жас мамандар арасында өткізілген «Педагогикалық дебюттен» қалалық кезеңінде І  орыннан көрінген.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші мектептің оқушыларының да жеткен жетістіктері баршылық екендігін аңғардық. Атап өтсек, Озода Маннапова 2011-2012,  2012-2013 оқу  жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болса, Мөлдір Исмаилова 2001 жылы өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пән олимпиадасына қатысып,  І  орынға ие болған. Аталған  олимпиаданың облыстық кезеңінде  2013-2014, 2014-2015 оқу жылдарында Дилхумор Зиявитдинова, 2015-2016 оқу жылында Сангина Мирхайдарова, 2016-2017 оқу жылында Зулфина Абдурахмановалар жүлделі  І орынға қол жеткізген. Ал, 2012-2013 оқу жылында Озода Маннапова, Хумоюн Жаббарханов, 2013-2014 оқу жылында  Султаной Мамбетова, 2016-2017  оқу  жылында Шерзод Ангуров, Расулов  Данияр, 2020-2021  оқу жылында Хайритдинова Шахсанам, Маматрасулова  Дианалар «Алтын белгі»  иегерлері атанды.

ҰБТ қорытындысы бойынша 2013 жылы және 2018 жылы білім алушылардың олимпиада байқауларының қорытындысына сәйкес, «Иқан» жалпы орта мектебі «Республикадағы ең үздік 100 мектеп» қатарына енген. Мектеп бітірушілер  жыл сайын  ҰБТ-да  жоғары  балл  жинап, еліміздегі  таңдаулы  оқу  орындарының  мемлекеттік грант  иегерлері  атанып келеді екен. 2019-2020 оқу  жылында 28,   2020-2021 оқу  жылында 25 оқушы түрлі  жоғары оқу орындарының  мемлекеттік  грантын  жеңіп  алған.

Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен  өткізілген  «Жас математиктер кубогы» олимпиадасына аталмыш мектептің  10-сынып оқушылары Ш.Эргешов, Б.Абдурахмановтар белсене қатысып, командалық  есепте І  орынға ие болып, яғни, кубок иемденген. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыратын, ой-өрісін дамытатын жоғары эстетикалық талап талғамын қалыптастыратын тұлға дайындап, оқушының логикалық шыңдалу жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін математика пәні  мұғалімі Ойбек Нишанбаев адами әлеуетті дамыту  бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.

«Тәуелсіздік – мәңгілік  елдің тұғыры» атты облыстық сурет салу байқауына 7-сынып оқушысы Дурдона Турсунмаматова қатысып, жүлделі  ІІІ орынға ие болды, пән мұғалімі Ш.Сатибалдиев. Ал, «Патриоттық  ән – 2021» аудандық байқауында  9-сынып оқушысы  Нозли Шакирханова    қатысып,  «Бұлбұл  дауыс»  номинациясымен  марапатталған,  пән  мұғалімі  Ш.Мамадьяров.

Спорт саласы бойынша мектепте құрылған «Бірлік» командасы «Ұлттық мектеп лига» жарысына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бұдан бөлек, «Ұлттық мектеп лигасы» ойындарының мектепішілік кезеңі 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар арасында футбол, баскетбол, гандбол, волейбол, футзал, кіші футбол, асық ату, бес тас, үстел теннисі спорт түрлері бойынша өткізілген. Осы жарыстың нәтижесінде – тоғызқұмалақтан 11 – сынып оқушысы Нурдида Зурапова ІІІ орын, пән мұғалімі Ш.Маннапов, жеңіл атлетикадан 8 сынып оқушысы А.Тураханова І орын, пән мұғалімі   Б.Бексултанов, жеңіл атлетикадан  8-сынып  оқушысы  Д.Шаталов  ІІІ  орын, пән мұғалімі С.Муслимов, үстел теннисінен Х.Уринбаев және Р.Қайтмасовтар ІІІ орын, пән мұғалімдері У.Эргешов, Р.Эрметов,  волейболдан 9-11 сыныптар арасындағы жарыста мектеп командасы ІІІ  орын, пән  мұғалімдері  У.Камалбекова және С.Муслимов, волейболдан  8 -сынып  оқушылары  арасында  өткізілген  мектеп командасы ІІІ  орын, пән  мұғалімдері  И.Нарметов  және  Ф.Мырзалиев, ганболдан  9-11  сынып  оқушылары арасында өткізілген жарыста ІІІ  орын, пән  мұғалімдері  Р.Эрметов  және Ш.Маннапов ие болған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» толуына орай, Сауран ауданы бойынша орта білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізілген волейбол жарысында дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысып, жүлделі  ІІ орынға ие болған.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.