Қазақтың ежелден келе жатқан, тіршілігімен тығыз байланысты үш дүние
бар. Олар – киіз үй, ер тоқым және домбыра. Киіз үй баспана ретінде
бағаланса, «Ерттеулі ат ер жігіттің қанаты», яғни ер тоқым сол қанатқа
қажет бұйым. Ал домбыраның жөні ерекше. Ол – қазақ халқының рухани
байлығының кілті.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» – демекші, домбыраның қазақ ұлтының сан-салалы, қым-қиғаштары, шұғыл бұрылыстары мемлекет тарихындағы алатын орны бөлек.
Осыған орай, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы
бойынша шілде айының алғшқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып
бекітілуіне байланысты 5-ШІЛДЕ Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Домбыра – рухани байлығымыз!» атты
әдеби – сазды кеш өткізілді.
Шара барысында аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы аудан әкімінің атынан
мерекемен құттықтап, домбыраның қасиеті жайында тілге тиек етіп өтті.
Және де іс-шарада елімізге белгілі Қ.Сағырбайұлының, Д.Нұрпейісованың күйлері нақышына келтіріліп орындалды.