Home Мәдениет 49 ЖЫЛ ТАРИХЫ БАР АНСАБЛЬ ЕСЕП КЕШІН ӨТКІЗДІ

49 ЖЫЛ ТАРИХЫ БАР АНСАБЛЬ ЕСЕП КЕШІН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысында жаңадан құрылған Сауран ауданына қарасты
Жүйнек ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай
ұйымдастырылған «Бірлік
болсын елімізде» атты жылдық есеп беру кеші өткізілді. Құрылғанына 49 жыл толған «Дилшод» фольклорлық ән -би ансамблінің есеп беру кеші көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады.
Кештің мақсаты сонау 1971 жылдары құрылған ансамблі қазіргі таңда үздіксіз жұмыс жасап келе жатқанына 49 жыл толып, осы халықтық фольклорлық ансамбльдің қазіргі жетекшісі Зебинисо Абдалимова және құрылымына ең көп еңбек сіңірген әртісі Тотыхан Абдалимованың қатысуымен керемет кеш өткізілді. Кешке қатысқан «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Сауран ауданы бойынша төраға орынбасары Асылбеков Сағымбек Жақсыбекұлы, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Жұмабекова Жанар, Мәдениет үйі директоры Байдаулетов Жантөре Хантөреұлы қатысуымен өткізілді.