Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926–2013) – қазақтыңәйгілі опера әншісі, лирикалық баритон, КСРО жәнеҚазақстанның халық әртісі, профессор, Социалистік ЕңбекЕрі, қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі. Ол ұлттық опера өнерін жаңа белеске көтеріп, қазақ мәдениетін әлемгетанытқан дара тұлға.
Ермек Серкебаев 1926 жылы дүниеге келген. Ол Керейтайпасының Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан. Әкесі – белгілі педагог, жазушы, ақын әрі драматург Бекмұхамед Хусайнұлы Серкебаев, Қазақстан Жазушылародағының алғашқы мүшелерінің бірі болса, анасы ЗылихаСабырқызы бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен. Осындай зиялы отбасында тәрбиеленген Ермек жастайынанөнер мен білімге құштар болып өсті.
Болашақ өнер иесі Алматы қаласындағы №54 мектептебілім алып, 1941–1943 жылдары П.И. Чайковский атындағыАлматы музыкалық училищесінде скрипка сыныбындаоқыды. Алайда отбасының материалдық жағдайынабайланысты оқуын жалғастыра алмай, Қазақстанрадиосында диктор болып қызмет атқарды. Сонымен қатарсол кезеңде киностудияларда дыбыстау жұмыстарынақатысып, өнер әлеміндегі алғашқы тәжірибесін жинақтады.
Кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттікконсерваториясында профессор А.М. Кургановтың вокал сыныбында білім алып, 1951 жылы оқуын сәтті аяқтады. Студенттік шағында-ақ Абай атындағы Қазақ мемлекеттікакадемиялық опера және балет театрының шығармашылыққұрамында еңбек етті. Консерваторияны тәмамдар жылыұлы ақын Абайдың партиясын орындап, кәсіби сахнадағызор жетістігінің бастауын қалады.
1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Абай атындағыҚазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі болды. Оның орындауындағыАбай, Қожағұл, Амангелді, Серке, Ер Тарғын, Онегин, Елецкий, Фигаро, Петруччио, Валентин сынды күрделіпартиялар қазақ опера өнерінің алтын қорына енді. Сонымен қатар қазақтың халық әндері мен әлемдікклассикалық шығармаларды орындауда ерекшешеберлігімен танылды.
Ермек Серкебаев кино өнерінде де жарқын із қалдырды. Ол «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән шақырады», «Тақиялыперіште», «Медеудегі кездесу» сияқты фильмдерде ойнап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе «Тақиялыперіште» фильміндегі Шыңғыс бейнесі оның актерлікқырын айқын танытты.
Өнер сапарымен Румыния, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия және тағыбасқа елдерді қамтыған әлемнің 50-ден астам мемлекетіндеконцерт беріп, қазақтың ұлттық музыкасын халықаралықдеңгейде насихаттады.
1973 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында вокал кафедрасындаұстаздық қызмет атқарып, көптеген дарынды әншілердітәрбиеледі. 1982 жылы профессор ғылыми атағын алды. Оның шәкірттері кейін қазақ опера өнерінің белгіліөкілдеріне айналды.
Қоғамдық өмірге де белсене араласқан Ермек Серкебаев КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII шақырылымының және ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесінің VIII және XI шақырылымдарыныңдепутаты болып сайланды.
Ерен еңбегі жоғары бағаланып, ол Будапештте өткенхалықаралық вокалистер байқауының лауреаты атанды. Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі атақтарыниеленді, Қазақстан және КСРО Мемлекеттіксыйлықтарының лауреаты болды. Сонымен қатар екі мәртеЛенин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Октябрь Революциясы орденімен марапатталып, 1986 жылыСоциалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Кейін «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанып, «Жыл адамы» фестивалініңжеңімпазы болды.
Ермек Серкебаев – тек асқан әнші ғана емес, қазақтыңұлттық музыка өнерін әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлға, көрнекті ұстаз әрі мәдениет қайраткері. Оның ғажайып үні, сахнадағы қайталанбас шеберлігі және шәкірт тәрбиелеудегіеңбегі қазақ өнерінің алтын қазынасы болып қала береді. Өнер тарланының мол мұрасы келер ұрпаққа рухани азықболып, ұлттық мәдениеттің мәңгілік мақтанышы ретіндежасай бермек.
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы Пирмашова Мөлдір Әбдінәбиқызы






























