Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Жетісай су» МКК әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Субъект «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, 2023 жылғы суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша бекітілген тарифтік сметаның 103 989 365 теңге көлеміндегі соманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Субъект Департаменттің 2024 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, жоғарыда көрсетілген соманың 10% мөлшерін яғни жалпы сомасы 10 398 936,5 теңге айыппұл салынған.
Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке толық көлемде төленді.
Бұл факт табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың талаптарын сақтаудың маңыздылығын көрсетеді және инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндетті басқа субъектілерге ескерту болып табылады.
Департамент монополистердің қызметін белсенді бақылауды жалғастыруда және тұтынушылардың мүдделерін қорғау және нарықтың ашықтығын арттыру үшін барлық нормативтік талаптардың орындалуын қамтамасыз етуде.