Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаевтың бұйрығымен Дінислам Нартайұлы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін іскерлігімен, өңір жастарын алға бастаудағы белсенді еңбегімен ерекшеленген көшбасшы азаматқа жаңа қызметте де сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, Дінислам Нартайұлы 1999 жылы Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Академиялық инновациялық университетті Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2020-2022 ж.а Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің инспекторы
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Марапаттары:
– 2023 жылғы Түркістан облысы әкімінің алғыс хаты
– 2023 жылғы Түркістан облысының әкім орынбасары алғыс хаты
– 2023 жылы өткен Республикалық жастар қозғалысының волонтерлер форумының спикері
– 2023 жылы Туркия елінде орын алған жер сілкінісі кезінде елімізден гуманитарлық, көмек жеткізуші ерікті
– 2024 жылы «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам арқылы әлеуметтендіру және жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру» жобасы бойынша грант жеңімпазы.


































