Арыс қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы қоғамда алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты арнайы хабарлама таратты.
Ақпаратта «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтыны және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтыны ескертілген.
«Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейді. Сондай-ақ, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтыны және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын да мәлімдейміз. Клиенттермен барлық қарым-қатынас, тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Жалпы, клиенттерге брондау уақыты мен құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштің нәтижесі туралы SMS-хабарлама жолданады.
Сондықтан да азаматтардан қырағылық танытып, бөгде адамдарға паспорт деректері мен цифрлық қолтаңбаларын бермеуді ескертіледі.