Тәуелсіздік ұғымы туралы ел арасында кең түсінік қалыптасқан.Тәуелсіздік киелі ұғым деп көп айтылады.Неліктен солай аталады,қандай астар,қандай түсінік жатыр? Тәуелсіздік ең бірінші ол бостандық. Бәрімізге белгілі тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Өмір бақи ата-бабаларымыздың бар ғұмыры туған топырақты,жерді, көлді,суды,тау тасымызды қорғаумен арпалысумен өтті. Жаратқанның арқасында Кеңес дәуірі тарқаған соң өзге көршілес халықтар сияқты біз де егемендігімізді алдық.Бодандықтан құтылып бостандыққа ие болдық. Еркін ойлау қабілетіне жеттік.Ой бостандығы егемендіктің, тәуелсіздіктің қазаққа берген ең үлкен дәрежесі еді.Тәуелсіз сана қалыптаса бастады.Ата заңымыз қабылданып,шекарамыз белгіленіп,Ұлтаралық келісімнің бірегей моделі жасалды.Бүкіләлемдік дағдарысты да еңсере білдік.Жол карталары дүниеге келді.Жоспарлы дамудың 2030,2050 стратегияларын қабылдадық.Қазақстан халқы тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын,реформаларын орындап,күн тәртібіндегі мәселелерді қоғам болып көтере білді.Халқы Елбасына сенді, Елбасы көп ұлтты,көп конфессиялы халқына арқа сүйеді. Еңбек адамының қоғамдағы орны белгіленді,Ұлт Жоспары қабылданды. Рухты көтеретін Елбасының «Рухани жаңғыруын» көпшілік көктемдегі қылтиған жауқазындай мәпеледі,тарихымызды,бабалар жолын қастерледі. Тарихты зерделеп, өткен күннің жақсы жағын жанымызға жақын қабылдай білдік. Барша қазақ «Ұлы даланың Жеті қырын» мақтанышпен насихаттай бастады.Жастарға арналған «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасады.Заманауи ойлайтын, бейбітшілікті қадірлейтін сананың ашықтығын алға тартқан, білімді, отанын сүйетін жастар легі ел билігіне араласа бастады. Жастардың кадрлық резерві жасақталды. Қазақстанның даңқы әлемге белгілі болды. Қиын замандарда ел ауып,жер ауып кеткен қандастарымыздың тарихи отанына оралуына мүмкіндік,даңғыл жол ашылды. Еңсеміз көтеріліп,ел экономикасы өркендей бастады. Қазақстан-Назарбаев деген сөздерді егіз ұғымдай алысты жақынды шетелдіктердің сөз тіркесінен күнде еститін болдық. Солай болу керек сияқты оған ешкім таңданып жатпайды да. Осылайша Қазақстанның әлемге танымалдығы артты,еліміз әлемде құрметпен қарайтын мемлекеттер қатарына ілінді.Тәй –тәй басқан тәуелсіз қазақстанға да 30 жыл болып қалыпты. Өткен күнге есеп беретін уақыт жеткен сияқты. Тәуелсіздікке кім не үлес қосты? Әр азаматтың патриоттық сезімі осы критериимен өлшенбек. Өз басым төл теңгені алғаш рет қолыма ұстағанда қуанышымда шек болмады.Кеңесті дәуірде рубльден басқаны көрмеген мен үшін үлкен қуаныш еді.Сол кездегі 5 теңгені уысыма қысқаным сонша алақаным терлеп етіпті.Бірте-бірте етіміз үйрене бастады Тарихты адамдар жасайды ғой. Солардың ішіне сіз де, мен де, бәріміз кіреміз. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі бірінші мақсатымыз балаларымызға жақсы білім беру болды.Күйеуіміз екеуміз жақсы көлік мінбедік бірақ үлкен ұлымыз Хамитті алғашқыда Санкт-Петербургте сосын АҚШ-та,Лондонда,Сеулде оқыттық. Техника ғылымдарының кандидаты. Ресейде жүріп Мұнай бұрғылау скважиналары 2 томдық энциклопедиясынының авторы тізіміне енді.Бұл Мен үшін үлкен қуаныш еді.Плеханов университетінің соңғы курсында жүрген кезде баламды Финляндияға жұмысқа шақырды. Жалақысы көп болғанына қарамай балам қазақстандағы оқу орнына оқытушы болуды қалады. Неге бармадың ақымақсың ба? дегендерге “Біздің студенттерді кім оқытады сонда?»- деп жауап бергенін естідім. Еңбегіміздің еш кетпегеніне,баламның патриоттық иммунитетінің мықты екеніне сүйсініп жүрегім жылып сала берді.Содан бері ағылшын,орыс,ағылшын тілдерінде бірнеше оқулықтар шығарды.Мен бүгін ана ретінде адал перзент дүниеге әкелдім,ол тәуелсіз қазақстанның өркендеуіне ғылымда үлес қосуда деп айта аламын. Өз басым «Nur Otan» партиясында 15 жылдан бері қызмет етемін. Елбасы Жолдауларын,партияның бағдарламасын жүректен-жүрекке жеткізу,халықтың бірлігі үшін жағымды әлеуметтік ахуал үшін,тиімді мемлекеттік саясат үшін қоғамның барлық топтарымен қоян-қолтық жұмыс жасау,қоғамдық қабылдауға келгендердің өтініштерін орындау біздің міндет деп білемін. Көптеген брошюлар,статьялардың авторымын.Шығармашылықпен айналысамын. Ұлттық кестелерді зерттеймін,кесте тігу менің қызығатын ісім. Баяғы заманнан ақ отбасы құндылықтары ең асыл құндылық болып саналған.Қазақи кестеде ұлттық мінез айшықталып жатыр. Тұңғыш Президент музейінде қызыл кілемде топтамаларым да көрсетілген. Еңбегім еленіп «Құрмет орденімен марапатталдым,Отырар,Сайрам аудандарының құрметті азаматымын. 2007 жылы 585 тұл жетім баланы тегін медициналық профилактикалық тексеруден өткізуді ұйымдастырдым. “Киелі мұрамызға тағзым” акциясы аясында Ақбикеш мұнарасына этнографиялық экспедиция ұйымдастырып мұнараны қалпына кетіруге мұрындық болдым. Елбасының бастауымен 30 жылдың ішінде жеткен саясаттағы ең үлкен бетбұрыс -саясаттағы жаңғыру ол партия ішілік іріктеу болды. Партиямыздың ірге тасы 1999 жылы қаланған болса,бұл ең алғашқы қарлығаштың балапанының ұядан ұшуы болатын. Мен праймериз қатысушымын. Додада жеңіп шығып Түркістан облыстық мәслихаты депутаты болып сайландым. Ашық алаңда өзімді көрсете білдім. Осының бәрі қасиетті Тәуелсіздігіміздің арқасы,партия саясатының ашықтығының,орталықшылдық ұстанымының арқасы. Тәуелсіздік бәрімізді еркіндікке, тәуелсіз ойлауға,өз ісінің маманы болуға баулыды, бәрін айт та бірін айт болашаққа деген мұқалмайтын сенімге жетеледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы өзінің тиімділігін көрсеуде.Бұрылып қарасаң 30 жыл біршама уақыт жүріп өткен жол, әжептеуір тарих. Елбасы саясатының саралығы,ұрпақтар сабақтастығы елдің даму жолдарынан анық сайрап жатыр. Сондықтан, Тәуелсіздік тарихы-менің тарихым деп айтуға әбден құқығымыз бар. Ең бастысыТәуелсіздік дәуірі сыйлаған керемет сыйлық елдің тыныштығы, әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы.халықтың бірлігі. Тәуелсіздігіміз нығайа берсін!
Жантореева Калыйма
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,
«Nur Otan» партиясыТүркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары.