Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ТІЛ САЯСАТЫ – КҮРДЕЛІ САЛА

ТҮРКІСТАН: ТІЛ САЯСАТЫ – КҮРДЕЛІ САЛА

Тіл саясаты – тілдің құрылымына, қызметіне және қол­да­нылу аясына әсер ететін саясат механизмі. Ғылыми термин ретінде өткен ғасырда қолданысқа енгенімен, бағзы за­маннан бастап адамдардың қарым-қатынасы мен ойлауы үшін қолданатын маңызды құрал тілмен (жазумен) қатар өмір сүріп келеді. Саясаттың құралы әрі объектісі ретінде әзірленеді, тү­сіндіріледі, қолданылады және жүзеге асырылады. «Этнография және тіл саясаты» еңбегінің авторы Т.Маккарти айтқандай, «Тіл саясаты – күрделі әлеуметтік-мәдени процесс». Саясаттағы лауазымды тұлға, тіл жана­шыры, сала көш­бас­шылары және қоғам белсенділері саясатты әзірлейді; Сая­сатты әзірлеушілер мен қолдануға жауап­тылар (мұ­ға­лімдер, жұмыс берушілер және бі­лім беру менеджерлері) саясатты түсін­діреді; мұғалім (оқытушы) мен оқушы (білім алу­шы), жұмыс берушілер мен қызметкерлер, ата-аналар мен балалар саясатты қолданады; мұғалім (оқытушы), оқушы (білім алушы) және қоғам мүшесі саясатты жүзеге асырады. Әрине, бұл саясаттың көздеген түпкі мақсаты бірізді деп айта алмаймыз, әр­түрлі. Мемлекеттегі титулды ұлт тілі мен эт­ностық топтардың тілдері арасындағы қа­рым-қатынасты отандық ғалым Е.Тоғ­жанов вестерндік тіл саясаты, истерндік тіл сая­саты және демократиялық тіл саясаты де­ген бағыттарға бөліп, өзіндік ерекше­лік­терін айқындаса, батыстық белгілі линг­вис­тер Х.Клосс бен Т.Уайли ілгерілетуші тіл сая­саты, орынды тіл саясаты, толерантты тіл сая­саты, шектеулі тіл саясаты, нөлдік тіл сая­саты және репрессиялық тіл саясаты деп ж­і­ліктей түседі. Вестерндік тіл саясаты еуропалық тіл­дердің қолданылу аясын кеңейтуге бағ­дарланады. Ата Түрік тұсындағы Түр­кия­ның әліпбиін латындандырып, сөздік құра­мын араб пен парсы сөздерінен тазартуы осы бағытта жүзеге асқан. Истерндік тіл саясаты теократиялық елдерде айқын байқалады. Мысалы, Иран немесе Ауғанстанда араб тілі мен жазуы киелі болып саналады, батыс өрке­ние­тінің жетістіктері қабылданбайды, ха­лық­аралық сөздер мен терминдерді араб және парсы баламаларымен ауыстырады. Демократиялық тіл саясаты тіл мәр­те­бесіне қарамай, барлық тілдердің құқығын қорғайды. Зерттеушілер пікірінше, де­мократиялық, зайырлы, құқықтық мем­ле­кет ретінде орнықтырған қазіргі қазақ­стан­дық тіл саясаты осы бағытта тұжырымдалады. Ілгерілетуші тіл саясаты – мемлекет, үкі­мет этностық топтар тілдерінің қол­­­­данылуын қолдау үшін ресурстар бөледі: 1) этностық топ тілдерін ресурс ретінде қарас­тырып, дамыту, қолдау және жандан­дыру шараларын жүргізеді. Қазақстан Рес­публикасында Тілдерді дамыту мен қол­дану­дың 2011-2020 және 2020-2025 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасының не­гізгі міндеттерінің бірі – этностық топ­тардың тілдерін дамыту; 2) тілдің құқықтық мәртебесі арқылы эт­нос­тық топ тілдерін дамытады, сақтайды жә­не жандандырады. «Тiл туралы» заңның 23-бабына сәйкес «Қазақстан Республи­ка­сын­да мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiл­дер мемлекеттiң қорғауында болады. Мем­лекеттiк органдар бұл тiлдердiң қол­да­нылуы мен дамуына қажеттi жағдай жа­сай­ды». Орынды тіл саясаты – ілгерілетуші тіл саясатының әлсіз нұсқасы. Заңдар этностық топтардың тілдерін қолдану аясын кеңейту үшін емес, көбінесе қысқамерзімді өмір сүру үшін қабылданады. Этностық топ тіл­дері проблема ретінде қарастырылып, түп­кі мақсаты титулды ұлт тілін меңгеру жә­не қолдануды, яғни өтпелі қостілді білім беру­ді жүзеге асыруды көздейді. Тарих­на­малық зерттеулерге назар салсаңыз, ХХ ға­сырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан-дағы кеңестік тіл саясаты осылай жүзеге асқан-ды. Толерантты тіл саясаты – мемлекеттің этностық топтың тілдік өміріне бей-жай қарауымен ерекшеленеді. Толерантты тіл саясаты жеке тілдік мектептер сияқты ме­кемелерді кедергісіз дамытуға мүмкіндік бере­ді. Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы да, нормативті-құқықтық акті­ле­рі де, Тілдерді дамыту мен қолданудың мем­­­­­лекеттік бағдарламасы да толерантты ұста­нымда. Қазір мектепке дейінгі бі­лім қа­зақ, орыс, өзбек, ұйғыр және ағыл­шын тіл­дерін­де жүргізілсе, бастауыш, негізгі ор­та, жал­пы орта білім беру қазақ, орыс, өз­бек, ұй­ғыр, тәжік тілдерінде беріледі. Шектеулі тіл саясаты – заңнама не­гі­зінде этностық топ тілдерін қол­дануға тыйым салады немесе шектейді. Эт­нос­тық топ тілдері проблема ретінде қарас­ты­рылып, қолданыс аясы шектеледі немесе жойылады. Титулды ұлт тілінің үстемдігі ор­найды. Кеңес үкіметі құрылған кезде этни­калық топтардың көпшілігі қолданатын 193 тіл болса, 1937 жылға қарай 90-ға дейін қыс­­­қарған, 1988 жылы тек 39 оқыту тілі қал­ды. Осы уақыт аралығында қаншама тіл әлеу­меттік өмірден біртіндеп жоғалып кет­ті?! Нөлдік тіл саясатының ерекшелігі эт­ностық топ тілдерін айқын мойын­да­­майды. Нөлдік тіл саясаты лингвистикалық әр­түрлілікке әсер етіп, этностық топ тіл­дері­нің мектептер мен қоғамдағы рөлін көр­сете­ді. Құқықтық тұрғыдан саясаттағы нөл­дік ақиқаттағы шектеуші тіл саясаты болуы мүм­кін, оның мақсаты – этностық топ тіл­дері­нің қолданылуын шектеу. Нөлдік тіл сая­саты этностық топ тілдерін қол­дану­шы­лардың ешбір қосымша көмексіз ти­тулды ұлт­тың тілдік ортасына енуіне әке­леді. Репрессиялық тіл саясаты – этностық топ тілдерін жою бойынша белсенді әре­кеттер жасаумен ерекшеленеді. 1930 жыл­дардың екінші жартысынан бастап Ста­лин санаулы баласы бар орыс ауылда орыс мектебін салды, қара домалағы көп қазақ ауыл­дарындағы қазақ мектептерін жапты. Сонымен қатар қазақ тілі идеологиялық шабуылдың өзегіне айналып, қазақ зиялы қауы­мы екінші қуғын-сүргінге ұшырауына се­беп болды. Олай болса, жоғарыда аталған ба­ғыттардан тіл саясаты тілді тұншықтыра да алатынын, еркін дамуына жағдай жасай да алатынын түсіндік. Енді аз-кем жүзеге асу түр­леріне тоқталайық. Тіл саясаты жүзеге асу механизміне қарай «жоғарыдан төменге» немесе «тө­меннен жоғарыға» жүзеге асырылады. Қа­лыпты ұғымда тіл саясатын билік ұсы­на­ды, бұны ғылымда «жоғарыдан төменге» ба­ғытталған тіл саясаты деп атайды. Яғни, бел­гілі бір басқару құрылымы, мемлекеттік би­лік органдары немесе жеке тұлғалар ұсы­натын макро тіл саясаты. Қазақ тілінің жазу тарихындағы латын (1928 ж.) және кирилл (1940 ж.) графикасына негізделген әліпби реформасы – осының бір дәлелі. Ал қауымдастықтар жасайтын және олар­ға әсер ететін микро немесе қарапайым тіл саясатын «төменнен жоғарыға» бағыт­тал­ған тіл саясаты деп атайды. Ұлт тари­хы­нан үзінді келтірейік, тұңғыш баспасөз құра­лымыз – «Түркістан уәлаяті» газетінде (1870-1882 жж.) қазақ тілін таза сақтау туралы алғашқы мақалалар жарияланса, «Дала уәлаяті» газетінде (1888-1902 жж.) қа­зақ тілінің сол кезеңдегі ахуалы мен бола­ша­ғы, қазақ жазуын жетілдіру жолдары сияқ­ты мәселелер көтерілген. Мәселенің маңы­зын түсінген ұлт зиялылары тілдің құры­лымдық жетілуіне, қызметтік дамуына және қолданыс аясының кеңеюіне мақсатты әре­кет етті. Бір ғана мысал, дәуір куәгері Абай­дың Мағауияға жазған хаты (1896 ж.) мен Мүрсейіт (1905, 1907, 1910 жж.) көшір­ген қолжазбаларын тілдік тенденциялар тұр­ғысынан зерттесеңіз, жәдид жазуынан жаңа әліпбиге эволюция ұмтылысын бай­қайсыз. Ал осы процесті жетілдірген Ұлт ұста­зы Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуының қа­зақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын тү­зеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби жа­сады әрі құзырлы орынның ешбір қаулы-қа­рарынсыз халықтық қолданысқа енгізді. Демек, «жоғарыдан төменге» немесе «төменнен жоғарыға» терминдері – тіл саясатын кім құрастырып, кім түсіндіріп, кім жүзеге асырып жатқанына байланысты са­лыстырмалы ұғымдар.