Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СПОРТШЫ ҚЫЗ ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СПОРТШЫ ҚЫЗ ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті, Қазақстанның спорт шебері Назым Берікқызы мен оның жаттықтырушысы Досбол Қосшыбековті қабылдады.


Сол жарыстан кейін бірден жаттығу жиынына аттанған спортшының туған жерге табан тіреген беті осы еді.
Қала әкімі Гүлжан Мамытқызы жеңімпаз бойжеткенді халықаралық сайыстан олжалы оралуымен құттықтап, алда бағындырар биіктері көп болатындығына сенім білдірді.
«Еліміздің көк Туын әлемдік додаларда биіктерден желбірететін күн алыс емес деп ойлаймын. Өзіңдей бойжеткендермен біз әрқашан мақтанып, марқайып жүреміз. Жерлесіміздің жеңісті күндері көп болуына тілектеспіз. Осы жолда талмай еңбектене бер. Туған жер, өскен өңірің әркез сенімен бірге», – деп жүрекжарды лебізін білдірді қала әкімі Гүлжан Құрманбекова.
Арыс қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Кенжебековтің айтуынша, Назым жақын күндері Қазақстанның ұлттық құрама командасының құрамында Қырғызстанға оқу-жаттығу жиынына кетеді екен. Ал содан соң Моңғолияда өтетін әлем біріншілігіне аттанады.
Айта кетейік, жерлесіміз Назым Есімбек ақпан айынан бері ел ішінде ұйымдастырылған самбо, дзюдо және қазақ күресінен өткен чемпионаттар мен сан түрлі сайыстарда тек ІІ-ІІІ орындарға иелік етіп жүрген жампоз спортшылардың бірі.