Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЯБАҚ МАҢЫНДА ЖЕР МЕМЛЕКЕТ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ АЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЯБАҚ МАҢЫНДА ЖЕР МЕМЛЕКЕТ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ АЛЫНАДЫ

Арыс қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 21 маусымдағы №582 қаулысына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы шықты.
Жарияланған қаулыда мемлекет мұқтажы үшін қаладағы Орталық саябақ маңын абантандыру мақсатында Арыс қаласы Т.Арынбаев көшесі бойынан азамат А.Бекайдарға кәсіпкерлік мақсатта берілген аумағы 4,300 шаршы метр жер учаскесінің ішінен аумағы 1,530 шаршы метр жер учаскесін осы қаулының ресми жариялау күнінен бастап үш айдан ерте емес мерзімде мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны айтылған.
Осыған орай, жер қатынастары бөлімі заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыда туындайтын шараларды қабылдайды.
Ал келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесінің жүгінетін орны Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Сондай-ақ, қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Дәрібайға жүктеледі.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та игерілмей, бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс екннін айтқан болатын. Себебі ауыл тұрғындары жайылымдық жер таппай, қолдағы төрт түлікті қолдауға ұстауға мәжбүр болуда. Ол өз кезегінде қарапайым халықтың қалтасына ауыр тиюде.