Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРАДЫ

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Арыс қаласының 65 жылдығына орай атқарылатын бірқатар жоспар, жобаларды пысықтады. Мерекелік шаралардың мазмұнын ашатын жобаның бірі – мерейтойлық кітап басып шығару екені белгілі.

Гүлжан Мамытқызы осы мақсатта қалалық «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай мен жазушы-драматург әрі журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы мен тарихшы-археолог, өлкетанушы Серік Ахметті қабылдады.

«Осы мақсатта біз қазіргі Орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізіп, оны «Теміржолшылар саябағы» деген атаумен ел игілігіне береміз. Сол сияқты, тарихи құндылықтарды қайта жаңғыртып, тасқа басу үшін мерейтолық кітап шығаруымыз керек. Ал оны мазмұндық тұрғыдан байыту, сирек кездесетін деректерді жинап, кітапқа енгізу басты қағида болуы тиіс», – деді Гүлжан Құрманбекова.

Кездесуде Арыс қаласының көне тарихын уақыт талабына сай жаңғырта отырып, жәдігерлерді заманауи үлгіде қоғам назарына ұсыну мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде Арыс қаласы аумағындағы тарихи көне жәдігерлердің көшірмесін «Дендросаябақ» ішінен ашылатын ашық аспан астындағы мұражайға қою қажеттігі туралы да айтылды.