Home Қоғам ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова Еуразия кубогы мен Alash Pride халықаралық турнирінің чемпионы, халықаралық деңгейдегі және әскери жекпе-жек ұрыстан спорт шебері Арыс қаласының тумасы Мақсат Әлішерұлын жаттықтырушыларымен бірге қабылдады.
Мақсат Есболат кеше ғана Шымкент қаласында ұйымдастырылған Тұран UFC жекпе-жегінде 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Осымен үшінші жекпе-жегін өткізіп жатқан жерлесіміз Мақсат бұған дейін 25 кездесу өткізген қырғыз спортшысына қарсылас атанды. Кездесу алдындағы көрсеткіштерге қарап, көпшілік қауым Мақсаттың жеңісіне күмәнмен қараған.


Бірақ, олай болмай шықты. Арыстық спортшы тәжірибелі қарсыласын 1-ші раундта-ақ нокаутқа түсіріп, өзінің айқын басымдығын көрсетті.
1993 жылы Арыс қаласында туған Мақсат Әлішерұлы спортпен тұрақты түрде шұғылданып келе жатқанына үшінші жыл. Алар асуы әлі алда екендігіне сенім артқан ол, жақын күндері қайта дайындыққа кіріседі. Өйткені, 7-тамызда оның кезекті жекпе-жегі жоспарланған.