Home Қоғам ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты ұранымен Келес ауданында кіші футболдан жарыс өтті.Спорттық сайыс облыс әкімі Ө. Е. Шөкеевтің бастамасымен қолға алынып, мақсаты – мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату. Кіші футбол түрінен өткен сайысты Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ауданымыздың дербес бөлімдері мен құқық қорғау қызметкерлері арасында «Келес» спорт кешенінде өткен кіші футболдан жарыста жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жарыс қорытындысымен 1-орын “Экономика және қаржы бөлімі”, 2-орын “Келес аудандық полиция бөлімі”, 3-орынды “ТОО Оңтүстік Жарық Транзит ” командалары иеленді. Жасыл алаңға шыққан 50-ге тарта мемлекеттік қызметшілер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталған.