Home Қоғам ТҮРКІСТАН: ФРАКЦИЯДА ҮШ БАСҚАРМАНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ФРАКЦИЯДА ҮШ БАСҚАРМАНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракцияның мәжілісі өтті. Фракция отырысын «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекші Бейсен Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Мәжіліске облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, фракция мүшелері, басқарма басшылары мен партия қызметкерлері қатысты.

    

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық стратегия және экономкалық даму басқармасының басшысы Қайыпбек Қанат 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, 2021 жылға арналған облыстық бюджет көлемі 1329,6 млн. теңгеге қысқартылып, 1104,6 млрд. теңгені құраған. Тиісінше, оңтайландырылған қаражат өңір үшін аса маңызды жұмыстарға қайта бағытталған. Оның ішінде ауыл-аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту, жол салу және өзге мақсаттарға жұмсалмақ. Екінші мәселені баяндау үшін облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Тәжімұрат сөз алды. Ол басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, облыстық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ағымдағы жылы орындалмаған индикаторларға тоқталды. Атап айтсақ, нәресте өлімінің деңгейі, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы, 15-19 жас аралығында жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші және неонталды өлім коэфиценттері әңгімеге арқау болды. Жалпы бүгінде облысымызда 44 аурухана, емхана мен оңалту орталықтары, 13 ПТР зертханалары халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда короновирустық инфекциямен 179 адам емделуде. Әр түрлі сценарийге байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5610-ға дейін ұлғайту мүмкіндігі де қарастырылған.

   

Үшінші мәселе өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөнінде Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың есебі тыңдалды. Облыста 50-ге жуық этностық топтар тұрады, олар өңір тұрғындарының 24 пайызын құрайды. Достық қарым-қатынасты сақтау мақсатында биыл 116 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Дегенмен бұрын өткізілетін ресми мерекелік іс-шаралардан алшақтап, жаңа тәсілдер қолданысқа енген. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысымен облыс аумағында экономикалық әлеуеті жедел қарқынмен дамуда, инфрақұрылым жетілдіруде, азаматтық қоғамның қызметі жаңа жеңгей көтерілуде. Облыстық мәслихаттағы жетекші партияның фракциясы баяндамаларды назарға алып, тиісті мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев талқыланған түйткілдер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылатынын айтып, жиынды қортындылады.