Home Қоғам САУРАН: “ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ ДІННІҢ РӨЛІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

САУРАН: “ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУДАҒЫ ДІННІҢ РӨЛІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Ағымдағы жылғы 23 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевтың төрағалық етуімен “Этносаралық татулықты сақтаудағы діннің рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, аудандық орталық “Дервиш али” мешітінің бас имамы Т.Сейдәлиев, аудан орталығындағы мешіт имамдары, ішкі саясат бөлімі басшысының м.у.а. М.Қалеке және ішкі саясат бөлімінің мамандары, аудандық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы И.Әжіхан және мамандары, Жастар ресурстық орталығының теолог мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ыбыханұлы сөз алып, этносаралық татулықты сақтауда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Құрманбай Жолданбайұлы сөз алып этносаралық татулықты нығайту, жалпыұлттық бірлікпен қоғамдық келісімді сақтау бағытында жұмыстар туралы баяндады.
Одан кейін ауданның бас имамы Талғат Ілесбекұлы этносаралық татулықты сақтаудағы діннің рөлі маңызды әрі орны жоғары екендігін айтты.
Дөгелек үстелде этносаралық келісім мен діни тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудан әкімінің орынбасары Серік Өмірханұлы ұсыныс-пікірлердің назарға алынып, биылғы жылы бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып отырғандығын айтты.
Іс-шара соңында аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев
қатысушыларға өз алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады.
“Этносаралық татулықты сақтаудағы діннің рөлі” тақырыбындағы дөңгелек үстел облыстық дін істері басқармасы мен аудан әкімдігі арасындағы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.