Home Қоғам MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды

MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді  қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет көрсету барысында жалған суретті немесе телефон экранындағы фотосуретті қолдануға тосқауыл қояды.

«Біз мемлекеттік қызмет алу жүйесіндегі ашықтықты тек ішінара ететін және заңсыз әрекеттерге жол беретін адами факторды жойдық. Биометриялық сәйкестендіру – заң бұзушылықтар санын азайтып, мамандандырылған ХҚКО-ларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға тікелей жол ашады. Бұл замануи технология мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін толығымен заңды әрі ашық етуге жасалған тағы бір қадам»,– деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, егер азамат биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды.

Еске сала кетейік, бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.

Процесс идентификации личности автоматизирован в спецЦОНах РК

В специализированных центрах обслуживания населения Государственной корпорацией «Правительство для граждан» внедрена технология биометрической идентификации личности автовладельцев и экзаменуемых при оказании государственных услуг.

Ранее идентификация личности в спецЦОНах осуществлялась непосредственно сотрудниками на основании предоставленного услугополучателем документа. Теперь в процессе оформления производится фотографирование лица, после чего система автоматически сопоставляет полученное изображение с фотографией, хранящейся в Государственной базе данных физических лиц, исключая возможность использования поддельного изображения или фотографии с экрана мобильного устройства.

«Мы исключили человеческий фактор, который оставлял лазейку для злоупотреблений и делал систему получения госуслуг отчасти непрозрачной. Биометрическая идентификация – это прямой путь к снижению количества нарушений и устранению коррупционных рисков в спецЦОНах. Эта современная технология еще на один шаг приближает нас к созданию абсолютно законной и открытой системы оказания государственных услуг», — говорит председатель Правления Госкорпорации Арман Кенжегалиев.

Отметим, что в случае невозможности прохождения биометрической идентификации дальнейшее предоставление услуги блокируется системой.

Напомним, на сегодняшний день государственные услуги можно получать как в ЦОНах, так и на портале электронного правительства, а также через мобильное приложение «ЦОН» и приложения банков второго уровня.