Home Қоғам МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ

Бүгін 9 – желтоқсан Біріккен Ұлттар Ұйымының ұйғаруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып белгіленген.

Айтулы күнге байланысты, облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі және «Nur Оtan» партиясының Түркістан облыстық филиалымен бірлескен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Меморандум аясында Әділет органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерінің алдын-алу және болдырмау үшін тараптармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және пара беру фактілерінің алдын алу шаралары қарастырылған.

Іс – шара барысында Департамент басшысы Қ.Қожахметов бүгінгі айтулы күнге байланысты, Сіздермен ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Қасиетті мекен Түркістан жерін жемқорлықтан таза аймақ ретінде қалыптастыру бағытында Өздеріңізбен бірге жүйелі жұмыстар жүргізетінімізге сенім білдіремін» деп атап өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Сәмет Заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтар баяндалып, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Нұрдәулет Ілиясұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау шаралары қабылданатындығын хабарлап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және онымен күрес шараларына жылдан-жылға басымдық берілетіндігін жеткізді.