Home Қоғам МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚҰРУ БОЙЫНША АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚҰРУ БОЙЫНША АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметік қолдау және олар үшін қолжетімді орта құру бойынша алдағы уақытта кешенді шаралар атқарылады. Бұл туралы бүгін Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен өткен Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында мәлімделді.

Мақсатты жиынның күн тәртібінде «Қолжетімді Түркістан» кешенді іс-шаралар жоспарының жобасы пысықталып, әлеуметтік объектілерге еркін кіріп шығу қолжетімділігін қамтамасыз ету және көліктік ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері ортаға салынған шараға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай азаматтардың шағымдарына тоқталып, бүгінде олардың мүддесі мен құқықтары толық қорғалмай отырғанын жеткізді және азаматтардың мемлекеттік мекемелер мен кәсіптік субъект ғимараттарына еркін кіріп-шығуы үшін облыс аумағында орналасқан пандус жүйелеріне, автокөлік қою орындарына, қоғамдық көліктерге және басқа да орындарға қоғамдық бақылау жұмыстарын бірлесіп жүргізуге шақырды.

Бұдан бөлек, шарада
мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Түркістан қаласында «кедергісіз орта» құру бойынша нақты шаралар қабылдау және кіреберіс жолдарды, пандустарды, мүгедектер арбаларына арналған құрылғыларды қамтамасыз ету
ғимараттарды, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде құрылыс талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды.

Айта кетсек, Түркістан облысында 94,9 мың мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, бұл республика бойынша 13,5% немесе Түркістан облысы халқының 4,7% пайызын құрайды.