Home Қоғам ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ Т.БИНАШЕВ 65 ЖАСТА

ЕЛІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ Т.БИНАШЕВ 65 ЖАСТА

Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидаларының бірі – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Келер ұрпаққа да ең үлкен тәрбиені осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген.
Халқымыздың даналығы ел қазынасы болып табылатын мұраларымыздан, салт-дәстүріміз бен халық тұрмысынан, эстетикалық талғамы ұлттық қолөнерімізден айшықты орын алады.

Халқымызды әлемге танытып, ұлан-ғайыр даланың қазақ деген баласы бар екенін дүйім жұртқа мойындатқан тұлғаларымыз аз емес. Ұлтымыздың ұлылығы да осы дарынды тұлғаларымызды насихаттаумен, оларға қолдау көрсетіп, талантының шыңдала түсуіне дем беруінен көрінеді.

Осы орайда қазақи тәрбиені, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты, ауылда жантақ басып, құм кешіп, жусан иісін иіскеп өскен шебер мүсінші, жерлесіміз Т.М.Бинашевтің 65 жасқа толған жеке мерекесіне орай кеш өтті.

Т.Бинашевтің шебер қолынан шыққан туындылары биіктен көрініп, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, Түркістан облысының, Ордабасы ауданының, Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атағын иеленді.

Қала әкімі Гүлжан Мамытқызының бастамасымен Байырқұм жерінде Т.Бинашевтің құрметіне орай өткен кеш барысында, лауазымды тұлғалардың құттықтаулары туралы бейнероликтер көрсетіліп, концерттік бағдарламалар қойылып, мектеп оқушылары ән айтып, би биледі.

Кеш соңында шаһар басшысы Г.Құрманбекова құттықтау сөз сөйлеп, Т.Бинашевтің еңбек жолына табыс, отбасына баянды бақыт тілеп, иығына шапан жапты.

Ел игілігі жолында еңбек еткен перзенттерімізге құрмет көрсету алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.