Home Қоғам ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖАЛПЫ ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУ ҚАЖЕТТІГІН...

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЖАЛПЫ ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУ ҚАЖЕТТІГІН ЖЕТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 11 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуді және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың ұсыныс-пікірін ескеруді мақсат ететін Қоғамдық кеңестің отырысына қатысты.

Жиында кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңесінің Төрағасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды таныстырып, заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша Департаментпен ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Алқалы жиында Кеңес мүшелері тарапынан білдірілген ұсыныс-пікірлерге құлақ түріп, алдағы уақытта Қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңесімен, сондай-ақ ақсақалдар алқасымен бірлесе жұмыс жасауға бастамашылық білдірді.

Кеңес отырысының соңында бірқатар сауалдарға жауап беріп, қоғам кеселіне айналған әлеуметтік індетпен жалпы қоғам болып күресуге шақырды.