Home Қоғам ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕТІН КАНВАССИНГТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕТІН КАНВАССИНГТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАППАҚ

Қазіргі таңда «Nur Otan» фракциясының депутаттары өздеріне қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын жақсы біледі. Осы орайда жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттары канвассинг-кездесулер өткізуді жалғастыруда.

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы би өнерінің падишасы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызымен канвассинг жүргізді. “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында қалада атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырған ол, атап айтқанда қаламызда жүргізіліп жатқан құрылыс және инфрақұрылым жұмыстарына тоқталып, олар жайлы Ұлжан Әбенқызының жеке пікірін тыңдады.

Іскер жан Ұлжан апамыздың өмірінің өзі жас ұрпаққа үлгі – өнеге. 2001 жылы Түркістан қаласының «Жыл адамы» атанып, ҚР Президентінің бірнеше Алғыс хатымен марапатталған. 2002 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі мен ОҚО гендерлік саясат бойынша «Ең үздік басшы» номинациясын алған. Дәл осы жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды. 2008 жылы ҚР және оның Астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «Астанаға – 10 жыл» медалімен, 2013 жылы Республикалық Кәсіподақ төс белгісімен, 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық және Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған төс белгілерімен марапатталды. 2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ОҚО әкімінің сыйлығына ие болып, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Зейнеткерлікке шықса да, белсенділігін жоғалтпай жүрген қоғам қайраткері, ардақты ана, ақылы мен білімін келер ұрпаққа аямай беріп келе жатқан ел азаматы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызының әлі де қоғамға берері мол.

Алдағы уақытта да «Nur Otan» фракциясының депутаттары карантин талаптарын сақтай отырып канвассинг-кездесулер, қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастырады. Сонымен бірге тікелей әлеуметтік желіде тікелей эфирде «Депутатқа сұрақ қой» іс-шарасы бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап береді.