Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі
бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жас
бүлдіршіндерді ынталандыру, сондай-ақ еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың
әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып
үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып,
ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыру,
қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді
ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау, Отанын, елін, жерін
сүюге тәрбиелеу мақсатында 2019 жылдың 24 шілде күні «Бала шақтан болашаққа –
ана тілімен» атты аудандық байқауы өткізілді.
Байқауға 4-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі
мекемелердің бүлдіршіндері қатысты.
Байқауға қатысушы бүлдіршіндер «Өз-өзін таныстыру»,
«Ойдың көркі-тіл,
Тілдің көркі-сөз», «Алақай, меніің өнірім!» атты үш
аталым бойынша бақ сынасты.
Жалпы үміткерлердің барлығы жақсы дайындықпен
келгендерін көрсетті.
Үміткерлердің өзіндік ерекшеліктерін, білімділігін,
тапқырлығын, белсенділігін бағалап, сарапқа салған қазылар алқасының шешімі
бойынша:
І орын «Сауытқүл апа» балабақшасының тәрбиеленушісі
Қонысбек Ұлбосын Ермекқызы, ІІ орын «Нұр-бала» балабақшасының тәрбиеленушісі
Нұржан Алинұр Бауыржанұлы, ІІІ орын «Арайлым» балабақшасының тәрбиеленушісі
Хасанова Ясмина Рагифовнаға бұйырды.
Байқау соңында қатысушылар Түлкібас ауданы
әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің арнайы
сыйлықтарымен, дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.