Home Қоғам АРЫСТЫҚ ЗИЯЛЫЛАР “БӨРТЕ” ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

АРЫСТЫҚ ЗИЯЛЫЛАР “БӨРТЕ” ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев бастаған бір топ ардагерлер қауымы қасиетті Түркістан қаласында өткен «Бөрте» спектаклінің премьерасын тамашалады.

Еліміздің танымал актерлері мен Түркістан музыкалық-драма театрының жас драмалық және балет әртістері қойған қойылым Арыс қаласынан арнайы барған өнерсүйер қауымға ерекше күй сыйлады.

  • Әлемді жаулаған даңқты қолбасшы Шыңғысханның жары болған, тағдыры драма мен трагедияға толы әрі дана, әрі сұлу Бөртенің тағдыры өте әсерлі көрсетілген. Осындай рухани кешті тамашалауға мүмкіндік жасаған қала әкіміне алғыс айтамыз”, – дейді арыстық ардагерлер.

Айта кетейік, белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтың пьесасына қойылған спектакль Түркістан қаласында жаңадан ашылған заманауи музыкалық-драма театрда өтті.

Спектакльді арнайы шақырылған әйгілі итальяндық театр режиссері Давиде Ливермор қойды.

Спектакльге еліміздің танымал актерлері мен Түркістан музыкалық-драма театрының жас драмалық және балет әртістері қатысты.