Home Uncategorized ЖАСТАРДЫҢ ЕЛЖАНДЫЛЫҒЫ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ СЕРПІН АЛУЫ ТИІС

ЖАСТАРДЫҢ ЕЛЖАНДЫЛЫҒЫ ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ СЕРПІН АЛУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі жастар мен олардың қызығушылығына қатысты пікірлері өзім құралпы жас буын үшін де маңызды деп олаймын. Президент телеарнаға берген сұхбатында «Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандарды Ресейде оқыту жөнінде пікір білдірді.«Әрине, ешқандай міндеттеу жоқ, мен жай ғана Ресейге оқуға жіберген дұрыс деген жорамалымды айттым. Себебі мұнда тіл мәселесі де бар, яғни тілдік кедергі жоқ, бұл бір. Екіншіден, біз стратегиялық серіктестер болғандықтан, бірлескен кәсіпорындар, оның ішінде ірі бизнеске қатысты кәсіпорындар бар, бізге Ресейде оқитын техникалық кадрлар қажет. Бірақ кейбірі Батыста оқығысы келуі мүмкін. Әрине, біз ешқандай кедергі жасамаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен бірге, Президент Батыстың оқу орнының дипломының болуы жоғары білім көрсеткіші еместігін атап өтті. «Бірақ онда өзіндік айрықша білім бар екенін түсіну керек. Одан бөлек, мен батыстық білімді дәріптемес едім. Онда да өз проблемалары бар және біз Батыс университеттері де диплом шығаратын кеңселерге айналып жатқанын білеміз. Ақшаны төле де, біраз уақыттан кейін дипломды ала бер, кейбір жастарымыз мұны пайдаланып жүр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Жалпы, еліміздің жастарға жасап жатқан мемлекеттік қолдауы аз емес. «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Содан бері аталған стипендия бойынша 14 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым жастардың дүниенің төрт бұрышына барып, «инемен құдық қазып» қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Оған қоса, дәл «Болашақ» секілді бағдарламаның баламасы әлемде некен-саяқ. Бұл – жастарға қанат бітіретін бағдарлама.Сондай-ақ Президентіміз қазіргі жастардың қызығушылығы жөнінде де өз пікірін білдірді. «Қазір адамдар TikTok пен Facebook-ті қарайды. Бірақ оларлың 1 беттен артық ақпаратты оқуға шыдамы жетпейді. Олар ақпарат тек мәтін түрінде емес, визуалдық күйде тұтынады. Бұл үлкен проблема. Өкінішке қарай, әлде мүмкін бақытымызға орай деуіміз керек те шығар, біз де осыған бейімделуіміз керек», – деді Президент. Меніңше, сұхбатта өзекті мәселелер төңірегінде Президент барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді. Әрине, қиын күндер артта қалды. «Қаңтар қасіреті» енді елімізде ешқашан қайталанбасын дейміз. Президентіміз Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталатынын айтты. Біз, жастар, елдік бастамаларды әрдайым қолдап, өз үлесімізді қоса береміз деген сенімдемін.

Азат Сұлтан,

« Ассамблея жастары » Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдінің төрағасы.