Home Uncategorized ЖАС ӨСКІНДІ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТКЕ ТӘРБИЕЛЕУ – ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ...

ЖАС ӨСКІНДІ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТКЕ ТӘРБИЕЛЕУ – ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Елдің ертеңгі келбеті – жас ұрпақтың қолында. Мемлекет басшысы білім беру саласына басымдық беріп, мектеп оқушыларының бойында адалдық, парасаттылық құндылықтарының қалыптасуына басымдық беріп келеді.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 28 қараша күні « Жалын » қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысқа қарасты қала/аудандардың мектеп оқушылары арасында « Адал ұрпақ » ерікті мектеп клубының облыстық слеты өтті.

Жоба жетекшісі Нұржахан Ермағамбетқызы белсенді түрде қатысып, шараның әділ өтуіне төрелік етті.

Іс-шара барысында «Адал ұрпақ» еркіті мектеп клубының мүшелеріне «Мен елімнің патриотымын!» атты ақпараттық жадынамалар таратылып, Агенттіктің 1424 Call-орталығы жазылған жалаушаларды үлестірілді.

Жас буын жастарды қамтыған бәсекелесті шарада « Түркістан – Адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің тарапынан сыбайлас жемқорлық іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар ақпараттық сұрақтар қойылды.

3 кезеңнен тұратын байқау қорытындысы бойынша :
🥇1 орын –
Түркістан қаласы, Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектебі;
🥈2 орын –
Түлкібас ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп;
Сайрам ауданы, №51 Ж.Қауалов атындағы ЖББМ;
Мақтаарал ауданы, С.Датұлы ЖББМ;
Ордабасы ауданы, «Қарақұм» ЖББМ;
🥉3 орын –
Бәйдібек ауданы, Шаян мектеп-лицейі;
Кентау қаласы, Ш.Қанайұлы №2 ЖББМ;
Ордабасы ауданы, «Қарақұм» ЖББМ;
Төлеби ауданы, №6 ЖББМ;
Ордабасы ауданы, «Қарақұм» ЖББМ;