Қазақстанның қоғамдық тарихында айрықша орын алатын публицист, ұлттық жазудың реформаторы, ұлт ұстазы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 150 жыл. Осыған орай Арыс қалалық мәдениет үйі және №17 колледж ұжымының ұйымдастыруымен «ТІЛ БІЛІМІНІҢ ШЫРАҚШЫСЫ» атты әдеби кеш өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Алаштың ардақтысы, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын дәріптеу. Ақынның өз заманындағы саяси қоғамдық көз қарасын таныту. Кеш барысында белсенді атсалысқан жетекшілер мен студенттерге қалалық « Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі » МК басшысының атынан алғыс хаттар табысталды.