Home Uncategorized Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері

Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері

Білім және ғылым саласы бойынша қандай зерттеулер жүргізіліп жатыр?
Қазіргі уақытта Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында білім және ғылым жүйесін жаңғырту бойынша зерттеулер жүргізілуде. Нақты қандай мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіліп жатқаны туралы бағдарламаның ғылыми жетекшісі, Алтынсарин академиясының бас ғылыми қызметкері Күлжанат Булатбаева айтып берді.
– Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтып өтсеңіз.

Академияда БҒМ Ғылым комитетінің тапсырмасымен «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» нысаналы-қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2021-2023 жылдарға арналған бұл бағдарламаның 14 бағыты бар, оның 10-ын Алтынсарин академиясы жүзеге асыруда. Ал қалған 4 бағыт бойынша Академия Білім және ғылым министрлігіне қарасты төрт ғылыми-практикалық орталықпен бірлесіп зерттеу жүргізуде.

Бағдарлама  аясында үш ауысымды мектептер мәселелері, үштілді білім беру, оқу үлгерімінің төмендігі мәселелері, эргономикалық білім беру кеңістігінің моделі, сондай-ақ педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жобалау, үздіксіз кәсіптік педагогикалық білім беру, оқушылардың теңгерімді тамақтануы бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Үш ауысымды мектептер мәселесі бойынша зерттеу жүргізіліп жатқанын атап өттіңіз. Бұл мәселенің оңтайлы шешімі бар ма?

Елімізде үш ауысымды мектептер саны жыл сайын көбейіп жатқанын премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында айтып өткен болатын. Бұл мәселе өз кезегінде білім алушылардың оқу үлгерімінің төмендеуі, оқу ресурстарының жетіспеушілігі сияқты кері әсерін тигізетіні белгілі. Үш ауысыммен оқытудың білім сапасына кері әсерін тигізбеуі үшін ең ұтымды шешімдерді анықтаудың маңызы зор. Сондықтан бұл бағытта да қарқынды зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта үш ауысымды оқыту мәселесін шешудің бірнеше жолын анықтап қойдық, атап айтқанда, типтік оқу жоспарына өзгеріс енгізу, оқушылардың мектепке келу кестесін өзгерту және аралас оқыту. 

Бұдан бөлек қоғамда өзекті қандай тақырыптар зерттелуде? 

Бағдарлама аясында зерттеліп жатқан білім саласындағы өзекті мәселелерге тоқталатын болсам, қазіргі уақытта оқу үлгерімінің төмендігі мәселесі де біздің назарымыздан тыс қалып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта білім алушылардың оқу үлгерімінің неліктен төмендейтінін, қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтық, педагогтердің әдістемелік дайындығы мәселелерін зерттеу үстіндеміз. Зерттеу аясында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру бойынша бағдарлама әзірленеді.

Аталған жобалармен қатар Академияда үштілді білім беру мәселелері зерделенуде. Осыған байланысты үштілді білім беруді дамыту мен таратудың тұжырымдамалық негіздері бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Көптілді тұлғаны қалыптастыру үшін тілдерді оқытудың тиімді әдістерін анықтау, заманауи оқу-әдістемелік жабдықтармен және материалдық-техникалық базамен қамту маңызды екені белгілі. Зерттеулер нәтижесінде мектептердің барлық типтері үшін үштілді білім беруді дамытудың тиімді әдістемелерін іріктеу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалатын болады.
Нысаналы-қаржыландыру бағдарламасының тағы бір бағыты – Қазақстан мектептерінде білім беру кеңістігінің қолжетімділігі мен тиімділігіне зерттеу жүргізу және эргономикалық білім беру кеңістігінің моделін әзірлеу. Қазіргі уақытта эргономикалық талаптарға сай жаңа типтегі мектептің тұжырымдамалық модельдерінің бірнеше нұсқасы әзірленді. Білім саласындағы эргономика мектеп сыныптарының жайлы әрі қолайлы болуын қарастырады. Мұның бәрі білім алушылардың эмоционалды жағдайына және олардың үлгеріміне айтарлықтай әсер етеді.

Бағдарламаның атауынан ғылым саласының да зерттеуден тыс қалмағанын аңғарамыз. Ғылым бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы айтып берсеңіз.

Бағдарлама аясында еліміздегі ғылым саласын жетілдіру бойынша да зерттеулер жүргізілуде. Негізгі бағыттарды атап өтсек, жоғары оқу орындарында оқу процесінде кездесетін проблемаларды талдап, оңтайлы ұсынымдар беру, сондай-ақ ғылым жүйесін материалдық қамтамасыз ету, ғылыми ұйымдар және университеттердің ғылыми белсенділігін және тиімділігін бағалау, Қазақстанда ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу және коммерцияландыру жолдарын анықтау бойынша қажетті тетіктерді әзірлемекпіз.

Зерттеу жұмыстарымен кімдер айналысып жатыр?

Аталған бағыттардағы зерттеу жұмыстары аясында педагогтер, психологтар, әдістемешілер, тіл мамандары, денсаулық сақтау мамандары мен экологтар, халықаралық дәрежедегі қаржыгер-экономистер сынды ғалымдар жұмыс істеуде. Жалпы бұл бағдарламаға 136 негізгі зерттеуші тартылып отыр. Соның ішінде 10-нан астам ЖОО-да арнайы ғылыми бағытта жүрген ғалымдар атсалысуда.

Зерттеу нәтижелері қалай қорытындыланатын болады?

Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелеріне 400 елді мекен мен 1000-нан астам әр деңгейдегі білім ұйымдарында эксперимент жүргізу басталды. Бағдарламаның әрбір бағыты бойынша жүргізілген зерттеулердің қорытындылары тұжырымдамалар, модельдер және бағдарламалар түрінде ұсынылатын болады.

Ы.Алтынсарин атындағы 
Ұлттық білім академиясының 
баспасөз қызметі

Какие исследования проводятся в сфере образования и науки?
В настоящее время Национальной академией образования
 им. Ы. Алтынсарина проводятся научные исследования по модернизации системы образования и науки.
О направлениях исследований рассказала научный руководитель программы, главный научный сотрудник Академии Алтынсарина Кульжанат Булатбаева.
– Расскажите об исследованиях, проводимых в рамках программы.
– По заказу Комитета науки МОН РК Академией реализуется программа «Научные основы модернизации системы образования и науки». Период реализации 2021-2023 гг. Программа имеет 14 направлений, 10 из которых реализует Академия Алтынсарина. По остальным 4 направлениям Академия проводит совместные исследования с четырьмя научно-практическими центрами Министерства образования и науки.
В рамках программы проводятся исследования по вопросам трехсменных школ, трехъязычного образования, проблем низкой успеваемости обучающихся, разрабатывается модель современной школы с эргономичным образовательным пространством, осуществляется проектирование образовательных программ педагогической направленности, проводятся исследования по непрерывному профессиональному педагогическому образованию, сбалансированному питанию учащихся и многое др.
– Вы сказали, что проводится исследование по вопросу трехсменных школ. Есть ли оптимальное решение этой проблемы?
– Как отметил заместитель премьер-министра Ералы Тугжанов на коллегии Министерства образования и науки, с каждым годом количество трехсменных школ в Казахстане увеличивается. Это в свою очередь влечет снижение качества успеваемости обучающихся, недостаток учебных ресурсов, отсутствие возможности организации досуга школьников и многие другие негативные последствия. 
Для того чтобы трехсменное обучение не оказало негативного влияния на качество образования, необходимо выявить наиболее рациональные решения этого вопроса. Поэтому в этом направлении нами проводятся интенсивные исследования. В настоящее время мы определили несколько путей решения проблемы трехсменного обучения, в частности, внесение изменений в типовой учебный план, изменение графика посещения школ учащимися и смешанное обучение. 
Какие еще актуальные вопросы, которые волнуют общество изучаются вами?
– Если говорить об актуальных вопросах в сфере образования, изучаемых в рамках программы, то в настоящее время не остается без внимания и проблема низкой успеваемости обучающихся. Сегодня мы исследуем вопросы низкой успеваемости обучающихся, разрыв в качестве знаний между регионами, городом и селом, комплексную, в том числе методическую подготовку педагогов. В рамках исследования будет разработана программа по восполнению пробелов в знаниях обучающихся и повышению качества образования.
Наряду с вышеперечисленными проектами Академия изучает вопросы трехъязычного образования. В этой связи проводится исследовательская работа по концептуальным основам развития и распространения трехъязычного образования. Как известно, для формирования полиязычной личности важно определить языковую ситуацию региона, эффективные методы обучения языкам, обеспечить современным учебно-методическим оборудованием и материально-технической базой. В результате исследований будут апробированы и подготовлены методические рекомендации по отбору эффективных методик развития трехъязычного образования для всех типов школ.   
Еще одно направление программы целевого финансирования сферы образования – проведение исследования доступности и эффективности образовательного пространства казахстанских школ и разработка модели эргономичного образовательного пространства. В настоящее время разработано несколько вариантов концептуальных моделей школ нового типа, отвечающих эргономическим требованиям. Эргономичность в сфере образования – это прежде всего удобство, комфорт, физическая среда учебного класса. Все это существенно влияет на эмоциональное состояние обучающихся и их успеваемость.
– Из названия программы видно, что наука не осталась в стороне от исследований. Расскажите о проводимых исследованиях по науке.
– Да, в рамках программы проводятся исследования по модернизации научной сферы. Если выделить основные направления, то это предоставление рекомендаций по выработке механизмов анализа проблем, возникающих в процессе обучения в высших учебных заведениях, оценка научной активности и эффективности научных организаций и университетов, определение путей внедрения и коммерциализации результатов научных исследований в Казахстане.
– Кто проводит перечисленные вами исследования?
– Над исследованиями по этим направлениям работают педагоги, психологи, методисты, языковеды, специалисты здравоохранения и экологи, экономисты-финансисты международного класса. Всего в этой программе задействовано 136 ученых, в том числе работают ученые специального научного направления из более чем в 10-ти ВУЗов страны.
– Как будут подведены итоги результатов исследований?
– В настоящее время в рамках исследования начато проведение эксперимента в 400 населенных пунктах и более 1000 организациях образования разного уровня. Итоги проведенных исследований по каждому из направлений программы будут представлены в виде концепций, моделей и программ.