Инсайдер Майк Коппинджер Головкин мен Альварестің арасындағы жекпе-жектің қыркүйекте болмайтынын, мексикалық боксшы қыркүйектегі кездесуден бас тартқан деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Коппинджер өз блогында бұған Альварестің бақталас іздеуде қиындықтарға тап болуы немесе тізе жарақаты себеп болуы мүмкін екенін жазды.
« Канело“ 14 қыркүйек күні жұдырықтаспайды. Бұл қажетті қарсыласты іздестірудегі қиындықтарға байланысты болуы мүмкін. Алайда тізе жарақатын да ескерген жөн. Бұған дейін « Канелоның“ жекпе-жекті денсаулық жағдайына байланысты кейінге шегеретіні хабарланған », – деп жазды Майк.
Кейінірек Суаль Альварестің өзі Мексиканың тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін қыркүйек айындағы дәстүрлі жекпе-жекті кейінге шегеру туралы ресми мәлімдеме жасады.
Ол мексикалықтар үшін екі маңызды мереке өтетін маусым мен қыркүйек айларында өз мемлекетінің атынан шығып, оны танытуды құрмет санайтынын айтты.
« Бірнеше салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы ретінде мен де қызықты әрі бәсекелі жекпе-жек өткізуге жауаптымын. Сондықтан Golden Boy және менің командам күнді кейінге қалдыруды шешті », – деп түсіндірді боксшы.
Ол сондай-ақ, мұндай шешім оның жанкүйерлері үшін де дұрыс болатынын айтты.
« Біз ең үздік қарсыластармен ең үздік жекпе-жек ұйымдастырғымыз келеді », – деді « Канело ».